Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ер Бегіс (4-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Сонан кейін арада неше жыл өтеді. Бала болмай, үлкен кісінің қатарына келіп қалады. Сол елде және өзімен қатар бір кісі болады, сол кісімен Бегіс қияметтік дос болып қояды.

Сол уақытта бір күні Бегіс ата-анасына білдірмей досына келіп, сөйлеп, былай дейді:

—Ай, досым, жас отызға келгенше дос болып, дүниеде өмір сүрдік. Біреуіміз жауап қатпай жүрдік. Мен бір ой ойлап жүрмін. «Осы ноғайдың аш-арығын бағып, соған еңбек сіңірейін» деп едім, соны саған ақылдасуға келдім. Соным қалай болад?—деді. Сонда досы отырып:

—Сенің ол айтқаның дұрыс. Екеуіміз дос болдық, енді жауға барып, кек алалық, ноғайлының аш-арығына пана болалық. Халықтың қамқоры болалық,—деді.

Сонда Бегіс:—Олай болса, мен енді көп кешікпен,—деп үйіне барды.

Сонда үйіне барады,
Қаракөктей тұлпарды
Ер Бегіс сонда бағады.
Ақ найза мен қылышын
Тасқа қайрап алады.
Бір алты күн болғанда,
Сонда тұлпар жарады.
Сонда тұрып Ер Бегіс
Атқа жақын барады.
Тұмылдырық, ер, жүген
Атына тегіс салады.
Ілулі тұрған ақ сауыт
Үстіне киіп алады.
Қолға алып найзасын,
Ақ балдақты көк берен
Беліне тарта шалады.
Басына киіп дулыға,
Ер жанына іледі
Қорамса мен садағын,
Атына мініп алады.

Сонда атасы шыға келіп, атқа мініп тұрған баласын көріп, сөйлей бастайды:

—Айналайын, жан балам,
Айырдан туған нар балам,
Қайда кетіп барасың?
Өлмеші болған атаң мен
Анаңа көзің сал, балам.
Тілімді менің ал, балам,
Сөзіме құлақ сал, балам.
Елің менен жұртыңды—
Оны да еске ал, балам!
Егер тілді алмасаң,
Аман-есен бол, балам!

Мен айтып болдым,—деп, үйіне кіріп жүре береді. Сонда үйінің сыртында тұрып, атасы мен анасына Бегіс сөйлей бастайды:

—Айналайын, атажан,
Тіліңді сенің алмасам,
Ойлап келіп мен тұрмын.
Халық, қарындас, атам мен
Бауырына басқан анамды
Асыраудың ол қамын.
Сол себепті, атажан,
Қалмақ пенен ындыстай
Жауға кетіп барамын.
Ноғайдан бір кісі
Қасыма және аламын.
... маған, атамыз,
Сұрауға тұрмын батаңыз!
Бермесең де батаңды,
Сол қалмаққа кетеміз.
Жауға бармай, атажан,
Бала-шаға, шал-кемпір,
Барсам, соның қамы үшін,
Тұрып мұнда, не етеміз!

Сонда атасы ойлады: «Бұл балам халқы үшін, ата-анасы үшін бара жатса, бұным болмас»,—деп, кемпірі мен екеуі келіп, бата берердегі сөзі:

Сонан кейін жолдасы да келіп, екеуі жөнеліп кетеді.

Екі арыстан елінен
Жолға шығып жөнеді,
Ақ найзасы қолында,
Бөкең-бөкең желеді.
Астына мінген ерлердің
Екеуінің де қара еді.
Екеуі де атадан
Жалғыз туған жан еді.
Екеуінің әкесі
Кәрі болған шал еді,
Оларға да қарамай,
Қарындас, халқы қамы үшін
Елден шығып жөнеді.
Маңайында қара жоқ,
Шырылдап ұшқан ауада
Кішігірім құстар көп,
Жапан түзде екеуі
Желе жортып, аяңдап,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Сонда жүріп келеді.
Арада неше күн өтті,
Келді бір қалың тоғайға,
Бұрын-соңды, байқаса,
Аю менен арыстан
Жүреді екен тоғайда.
Сол бір уақыт шағында
Қарсы алдынан арыстан
Шыға келді ақырып—
Көп қамыстың ішінен.
Адамды көріп ол сонда,
Тұрып сонда, ақырды,
Дауысы жерді көшірді,
Келе жатқан Бегіске
Арыстан сонда атылды.
Қылышын алып Бегіс те,
Ер еді сондай батыл-ды,
Жұмсап қару, егесті.
Басына қару тиеді,
Тиген қару оңа ма?!
Көп ұзамай, хайуанның
Сонда үнін өшірді.
Тоғайды қалың қақ жарып,
Сонан шығып жөнеді.
Бөлтірік, қасқыр, аңдардың
Ортасында келеді.
Қорықпады батырлар,
Өздерінде батыл бар.
Бір уақыттар болғанда,
Мидай жазық далада
Бір қатынға болды кез,
Шақырып алып қатынды
Сұрады ерлер сонан сөз:
—Ай, жарқыным, жарқыным,
Мидай жазық далада
Болдың бізге сіздер кез,
Маңайында ел бар ма,
Ат суарар жер бар ма?
«Сұралық» деп шақырдық.
Сонда қатын сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:
—Біз бір Қалмақ елі едік,
Алдыңызда елдер бар,
Айдынды шалқар көлдер бар,
Сексеуіл мен томары—
Ол аспанға таласқан
Биік сондай жерлер бар,
Және де биік тау да бар.
Арғы жағын сұрасаң,
Хан Тірсектің баласы—
Тобылғы ханның елдері бар,
Жасайтын бүгін тойы бар.
Әкесін ноғай өлтірген,
«Әкемнің кегін алам деп,
Сол ноғайға барам деп»,
Ойлаған және ойы бар!—
деп, қатын жөніне кете берді.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз