Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Нәрік (4-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Сонда Нәрік қырық биінің жазған қағазымен қалмаққа кетуге жиналады. Қара тұлпарды ерттеп, қоржынды алып үйінен шыққан кезде Меңді ару артынан келіп Нәрікке сөйлей бастайды:

—Халық ұстаған ханымыз,
Кеудедегі жанымыз,
Енді кетсең далаға,
Келмейсің қайтып қалаға.
«Енді кетсем, өлдім» де,
Қиямет күн болғанда,
Қауышалық, кел,—деді,
Өз көзіңмен көр,—деді.
Арамдамай сен мені,
Неке қыл да, Ноғайдың
Біреуіне бер,—деді.—
Ноғайдан басқа жауың жоқ,
Сұлтаным, байқа, сен,—деді.
Төр жағымда жатып білмейсің, оң жағымнан
«Бері қарап жат» деп шытшып,
Ақ етімнің сауы жоқ.
Суға барсам, тартқылайды «Тұра тұр» деп,
Үзілмеген шелегімнің бауы жоқ.
Маған көзін салғандай,
Қолына тисе, қойшылар,
Малшылар да алғандай.
Енді кетсең, өлесің,
Қайтып үйге келмейсің.

Сонда Нәрікті Меңді ару қолынан жетелеп, үйге барайын деп алып жүрді. Сонда Меңдінің ақ қағаздай болған етінен тек бармақ басқандай ғана жер қалған екен. Сонан басқа жерінің бәрі қып-қызыл болып, шымшып үзе берген екен. Шелекті қараса, үзілмеген бауы жоқ. Соны Нәрік тысқары шығып, қара тұлпарын байлап, ешқайда бармай отыра береді.

Күннің көзі батқанда,
Кісінің алды жатқанда,

Нәрік:—Әлібиді шақырып кел,—деп, Телшора құлды жіберді. Сонда Әліби келгесін:—Не жақсылық, не жамандық— бәрі сенен табылды,—деп, Әлібидің сол жерде басын кесіп тастады. Сосын Телшораға:—Тез тоғыз нарды алып кел,—деп бұйырады.

Байлаулы жатқан нар еді,
Маңайында бар еді.
«Тоғыз нарды әкел» деп,
Телшораны бұйырды.

Сонда Телшора бір сағат ішінде сегіз қанат үйді тоғыз нарға артып, жөнелтті дейді.

Бес қатынды тастады,
Бір жүрісті Нәрік бастады.
«Ноғайлы көзін салар деп,
Меңдіні тартып алар деп.
Бұл Қазаннан кетемін,
Енді шығып далаға,
Тұрмаймын деп қалаға»,
Көшіп алып жөнелді
«Бұл Ноғайдан кетем деп,
Мұнда тұрып, не етем деп».
Қара тұлпар астында,
Сарықызыл тұлпарға
Меңді аруды міндірді,
Көшіп алып жөнелді.
Ноғайдан алған тек жалғыз
Телшора болды жолдасы.

Сонда қалмақтың Өгіз хан деген ханы бар еді. Ол Нәрікпен әуелден өш еді. Нәрік жетіп барып, көп әскермен сол Өгіздің қаласын ала алмай келіп еді. Нәрік қашып елінен кеткенде, тап сол Өгіздің елінің шетіне барады. Барғасын, ол жер Өгіздің жері, мекені екенін танып қалады. Сонда Нәрік хан Меңдіден ақыл сұрайды.

—Ақ Меңді, әйел болсаң да, хан едің,
Ақылың бар жан едің,
Жаңылса, ақыл тапқандай
Артық туған сен,—деді,
Қаштым ғой мен,—деді.
Көрінген мынау қарасы
Қалмақтың Өгіз ханы еді,
Бұл қашаннан жау еді.
Көз нұрымның танғаны,
Кәріліктің жетіп қалғаны.
Бұған қалай қылам мен?—деді,
Таба көр ақыл сен,—деді.
Көзіне түсіп мен кетсем,
«Бұл не қылған қара?» деп,
Артымнан қуып жетеді.
Келген жаумен ұрыспай,
Адам енді не етеді?!
Жас тоқсанға таянды-ау,
Жәрдем бергей, Аллам-ау!
Ақыл сала мен келдім.
Өгізхандай зұлымға
Барсам өліп кетемін.
Көрініп қалдым мен келіп,
Енді қалай етемін?

Нәрік Меңдіге келіп, ақыл салды. Сонда Меңді ару Нәрікке сөйлей бастады:

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз