Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлының қызылбас Қалдарханның баласы Раханмен соғысы (12-бөлім)

Көрұғлы · Е. Есенжолов нұсқасы · 2 мин оқу

Мықтыларын қызылбастар іздеткен,
Түніменен қақпалары күзеткен.
Төрт мың найза һәр қақпаның аузында,
Ойын ойнап сардарларын түзеткен.

Қызылбастың Көрұғлыға айтқаны:

—Қараңғыда атты жолға саласың,
Қайда кетіп сөйлеспестен барасың?
Ақылың жоқ жындымысың, ай жігіт,
Айтшы бізге қай шаһардан боласың?

—Арғы атамыз пірге қылған қызмет,
Өзім әкем патша болған Мұңлыбек.
Өзім атым көрден шыққан Көрұғлы,
Қызылбастар, есітіңіз мұнан кеп.
Қызылбастар найза алып ұмтылды,
Көрұғлыбек аждаһадай құтырды.
Қызылбаспен ұрыс қылып бұл түні,
Айдың жүзі сәуле көрмей тұтылды.

Қызылбасты Көрұғлыбек келіп састырды,
Өзіне-өзін дұшпандардың шаныштырды.
Түн ортасында ұрыс қылған Көрұғлы,
Тұс-тұсына қызылбасты қаштырды.

Көрұғлыбек қақпа аузын қан қылды,
Қалдарханды түн ортада даң қылды.
Төрт мың найза қызылбастан сындырып,
Әркімдерді көп тамаша таң қылды.

Көрұғлының Райханның ордасына келіп сөйлегені:

—Болар ма екен Жаппар Алла мейірбан,
Келіп едім Ғиратыммен қиядан.
Арыстанның іздеп және келіп тұр,
Үйде болсаң шықшы бері, жеңгежан!

Шақырса да жеңгесі оған келмеді,
Қайда екенін жеңгесінің білмеді.
Қаңтарды да Ғират атын далаға
Енді жаяу ордасына келгені.

Төрт жағында бұл орданың жүгірді,
Жөн таба алмай қараңғыда мүдірді.
Қараңғылық үйдің іші болған соң,
Шамшырақты тұс-тұсына жандырды.

Көрұғлы жеңгесін таба алмай, Ғиратына айтқаны:

«Қарайып тұрған менің қаным бар,
Ғират атым, енді қандай әлің бар?
Бұл мекеннен таба алмадым жеңгемді,
Жан-жағыңа батыл, Ғират, көзің сал!».

«Бұл шаһардың мен таяндым шетіне,
Ол жеңешең кірмеді ме түсіңе?
Аман жатыр, қаһарманым, жылама,
Қырық бір құлаш зындан жайдың ішінде».

Ғират өзі енді бастап жөнелді,
....... жаққа Көрұғлыны алып келеді.
Қараса да көз жетпейді түбіне,
Бұл қиямет мынау оған көрінді.

Жан жаратып сурет еткен Құдіретім,
Пайғамбардың абзал қылған үмбетін.
Ақбілектей жеңешежан, бармысың,
Іздеп келді айыпты бір перзентің?!

—Медет бергін жігіттерге, Құдайым,
Көңілімнен жаңа шықты уайым.
Аман-есен, арыстаным, келдің бе,
Мен құрбандық дауысыңнан болайын?!

—Көрұғлыдай келді сіздің дарқаның,
Иінімде бар болат сауыт қалқаным.
Мен тастадым, жеңеше, ұстап шыға көр,
Қырық бір құлаш өрген жібек арқаным.

—Маңдайымда менің көзім жайнаған,
Ай, шырағым, жеңгең соры қайнаған.
Ұстап шығар бұл арқанды шамам жоқ,
Екі қолым бекітулі байлаған.

—Ер емеспін іздеп келген бекер мен,
Бұл...... мен де түсіп кетер ем,
Тартып алар түскеннен соң кісім жоқ,
Бұл жалғыздық басқа түссе нетермін?!

—Ер Көрұғлы қапа қылма өзіңді,
Ей, шырағым, көңілің неден бұзылды?
Көмек берер келіп сізге, сұлтаным,
Шақырсаңшы қырық шілтендей піріңді.

Ғиратының мінді екеуі беліне,
Бір қияның аты шапты шөліне.
Бес мың әскер Райханның соңында
Кеткен екен Архарумның шәріне.

Көрұғлының Сапабекке айтқаны:

—Ер Сапабек, қашқан жауға барып кел,
Рүстемдей бір ұрысты салып кел.
Бес мың әскер қырғаннан соң, Сапабек,
Райханды тірі ұстап алып кел!

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз