Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлының қызылбас Қалдарханның баласы Раханмен соғысы (10-бөлім)

Көрұғлы · Е. Есенжолов нұсқасы · 2 мин оқу

—Он үшінде Ғиратына мінгендей,
Аспаһаны аш беліне ілгендей.
Онан басқан еш дұшпаным жоқ еді,
Текежәуміт Көрұғлыбек келгендей.

Бір ғапылат бұл басымнан өткенді,
Ұйқы түпке осы бүгін жеткенді.
Онан басқа еш дұшпаным жоқ еді,
Түрікменнен Көрұғлыбек алып кеткенді.

Көрұғлыдан мен айрылып келермін,
Ғиратыма енді нағып мінермін?
Жейдедамбал су болыпты, Ақбілек,
Тал бойыма не киімді киермін?

—Жоқ деп айтсам, бегім, көңілің қалады,
Бар деп айтсам, патшам, көңілің толады.
Екі көрпе алдыартыңа ілермін,
Бірі шапан, бірі камзол болады.

Райханның жанына ол келеді,
Бостау қылып екі көрпе іледі.
Ер ерттетіп Ғиратына мініп ап,
Қос көрпені жалпылдатып жөнеді.

Құлақ салың Райханның сөзіне,
Салды көзін бесті Ғират ізіне.
Ерте тұрып қуып еді Райхан,
Көрінеді нақ тал түсте көзіне.

Көрұғлының атына айтқаны:

«Қаршығадай кеттім қызды ілдіріп,
Қарғы судан жүйріктігің білдіріп.
Зар жыласын артыңдағы Райхан,
Қызылбасты кетші, Ғират, күйдіріп.
Мынау залым түскен екен соңыма,
Жұлдыздарым туған екен оңыма.
Ғаусыл, ағзам Ғиратыма бер медет,
Ұстап берме қызылбастың қолына!».

Ғиратына көңілі бітіп өседі,
Райхан залым арнамысты кешеді.
Бойын билеп қарғып еді дариядан
Қырық бір қадам ар жағына түседі.

Райхан қарғытып еді, алды қырға, арты суға түседі. Сонда Көрұғлыға айтқаны:

—Жүз мың дұшпан келсе дамыл таптырма,
Ғиратыңды басқа адамға бақтырма.
Қадірлеген Ғиратыңды Көрұғлы,
Қартайды деп бір байталға шаптырма.

Мен жете алмай Ғиратыммен қалғаным,
Өлгенімше іште кетер арманым.
Өз тұқымы Ғиратымның жау болып,
Атым жетпей қапыда мен болғаным.

Екі көзім жасқа толып жылайын,
Сені алдырып таптым, міне, уайым.
Ағаң қалды екі көзі төрт болып,
Көргенінше хош аман бол, Күләйім!

Көрұғлының еліне келіп қырық жігітке айтқаны:

—Қырық жігітім, сен қыларсың ерлікті,
Мен көрсетпен тірлігімде кемдікті.
Көрген адам әбзеліңе таң қалсын,
Масатыдан атқа салғын терлікті.

Қырық жігітім сапарыңды ойлаңдар,
Жау дегенде жанған шоқтай жайнаңдар.
Қалдарханға талап қылды сұлтаның,
Тас кесердей алмас қылыш сайлаңдар.
Ұзақ қылды Көрұғлыға өмірді,
Талай жігіт дәулетіңе семірді.
Қырық екісі басын қосып бір шықты,
Киіп алып өңшең болат темірді.

Ат құйрығын аса шөлде өргендер,
Жау көрінсе берен сауыт кигендер.
Көрұғлымен қырық екісі бас қосты,
Әрбірісі жүз мың жауға тигендер.

—Бір ғапылат Бозұғлан хан өтпесін,
Түбімізге дұшпан жауың жетпесін.
Текежәуміт халқын сізге тапсырдым,
Мен келгенше алды-артыма кетпесін.

Баршамызда қаршыға құс бидайық,
Бедеулерді аса шөлде сынайық.
Қамшы сарғыл бедеу атқа, нарларым,
Майдан болса, ат шаппаққа лайық.

Бедеу атқа ерлер қамшы салады,
Бал Ғираттың шаңын көрмей қалады.
Көрұғлындай он үш жасар сұлтаның,
Тосып-тосып әр орында алады.

Рұқсат берсең сіздерден мен кетейін,
Бір қарғытып дариядан өтейін.
Қырық бір арыстан, қош аман бол көргенше,
Қалдарханға бүгін өзім жетейін».

Ғиратының басын тура қаратты,
Бір он үш күн жемін беріп жаратты.
Шу дегенде алып ұшып жөнелді,
Бейне дүлдүл секілді өзі қанатты:
«Ғират атым, басыңменен алыстым,
Ұшқан құспен, жануарым, жарыстың.
Ағыныңа мен келемін шыдамай
«Тарта-тарта екі қолым қарыстың».

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз