Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Раушанбек (11-бөлім)

Көрұғлы · Р. Мәзқожаев нұсқасы · 2 мин оқу

Мұнда тұрсам қызыл гүлім солар ма,
Мейманамыз ақыр бір күн толар ма.
Біздерден де бір ер перзент болар ма,
Әрне бәрін, балам, саған тапсырдым.

Раушанбек пенен Ғаждамбек
Жүрмек болды қамданып.
Бабалы мен Күләйім
Жылай берді дағдарып.

—Сіз кеткен соң біз ғаріп
Жүреміз кімге алданып?
Алдымда тұрған аға жоқ,
Туысқан, жегжат және жоқ,
Әлдекім кетер малданып.

Мұны естіп Ақанай,
Жылады ол да зарланып:
—Көкежан, қайда барасың,
Бізді тастап қамданып?
Кішкентайдан өсірдің,
Мен сорлыны қолға алып.
Алдымда тұрған аға жоқ,
Жыламайын мен нағып,
Көкежан, сізден соң қалып.
Тәбділі бізге тағдырдың
Осылай болды, ылаж жоқ,
Қасіретпенен қорланып.
Неғылайын жүрме деп,
Аяғыңа шырмалып.

Жүрсеңдер, жылдам жүріңдер,
Жазғанын Хақтың көріңдер.
Дұшманда қалдық зар жылап,
Көрерміз не күн біз ғаріп.

Тапсырдым Хаққа аманат,
Болмасын жолда жаманат.
Түрікпенге сіздер барғанша
Сақтасын пірлер саламат.
Қабыл ет деп ниетімді,
Тіледім Хақтан мінәжат.

Қара шашым тал-тал өріп жайлайын,
Дұшпан салған қорлыққа не әйлайын.
Сіз кеткен соң белді бекем байлайын,
Атажаным, жар-жолдасым, аман бол!

Мен жүріппін үшбу жолда бейқарар,
Әрне етсе Жаратқанның еркі бар.
Көп кешігіп енді жолдан қалмаңдар,
Көреміз бе, көрмейміз бе, алған жар?

Амандасып көп жылады Бабалы,
Құтты болсын ерлерімнің талабы.
Қош айтысып екі батыр аттанды,
Лажы жоқ, жылай-жылай қалады.

Шағдат ханның бұлар жүрген жұртында,
Бұл уақытта елін таппақ құлқында.
Дұшман келсе кіргізбеске қалаға,
Қарауыл бар, күзетіп тұр сыртында.
Ел табуға бұлар бетін түзеткен,
Азар көріп жүрегіне мұз өткен.
Дұшман келсе кіргізбеске шаһарға,
Екі жақтап күндіз-түні күзеткен.

Түнектен шыққан тұлпарға
Екеуара мінгесті.
«Хабарсыз қалсын дұшмандар,
Жылдамырақ жүр» десті.
Ғаждамбек айтты Раушанға:
—Қарауылбасы жігіттен
Рұқсат сұрап қал,— десті.
Раушан айтты Ғаждамға:
—Сұрап әуре болмаңыз,
Өзі дұшман қызылбас,
Өтінгенмен бермейді.
Тәуекел етіп Аллаға,
Қарғытайық, кел,—дейді.
Ақымақ адам өртенгенмен,
Хақтың оты сөнбейді.

Осыны айтып екеуі,
Кейін қайтты шегініп.
Біраз жерге барған соң,
Атының басын туралап
Қайтадан салды бекініп,
Атылды тұлпар секіріп.
Қарсы қарап салған соң,
Атуға мылтық жарамай,
Бас қамын қып қаша алмай,
Бірін-бірі құшақтап
Жығылып қалды тұтылып.
Тұлпардан туған жануар
Дарбазаның басынан
Оқтай болып атылды.
Бір-ақ шаңы көрініп,
Қарғып түскен бойымен,
Желе шауып жөнелді.
Артымнан қуып келер деп,
Әсте уайым қылмады.

Қамалап тұрған қарауыл,
«Пері ме екен, жын бе екен,
Япырым-ай, бұл не-дүр екен?»
Жиналып бәрі кеңесіп,
Шағдатқа хабар береді.

Шағдат хан сонда есітіп,
Тісіне-тісін кезеді.
—Кешегі Раушан түрікпен,
Заты басқа демесең,
Артықша сыншы ер еді.
Әкесі оның Толыбай
Хабарымда бар еді.
Көп түрікпеннің бегі еді,
Қапыда қалдық өлтірмей,
Себеппен мұнда кеп еді.
Көзін ойып алған соң,
Батқан шығар жанына.
Ер болса шыдап тұра ма
Намысы менен арына.
Диуана мінген торыны
Мақтағанда нанбап ем.
Сатып алып семіртіп,
Таса жерде жаратып,
Келтірген шығар бабына.
Әгар тұлпар болмаса,
Оңай емес бұл қарғу
Бұл шаһардың малына.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз