Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Раушанбек (5-бөлім)

Көрұғлы · Р. Мәзқожаев нұсқасы · 2 мин оқу

Екі құлағында екеуі бар түбінде,
Екеуі бар отыз тістің жігінде.
Екеуінің орны көздің арасы,
Бізден басқа ешкім білмес бұ күнде.

Инанбасаң көрсетейін есепті,
Көрсетпесем айтты дерсің өсекті.
Бір қу бастың жеті жерде тынысын,
Өз қолымен Шағдат ханға көрсетті.

Шағдат хан сонда тұрып қайран қалды,
Қасына жолдастарын жиып алды.
—Уәзірлер, не айтасың сіздер бұған?
Бәріне жолдасының ақыл салды.

Уәзірлер айтты:—Тақсыр, біз сынайық,
Үш бөтен жылқы басын алдырайық.
Әкеліп үш баспенен салыстырып,
Оның да пормасына біз қарайық.
Ол бас та осы баспен бірдей шықса,
Зынданға ақымақты салдырайық.

Раушан білген шығар зерек болып,
Сөз шығар айта салған дөрек болып.
Әй, тақсыр, онда бұған тәкіраһ бер,
Ол бастан мұның пормысы бөлек болып.

Шағдат хан бұл кеңесті мақұл көрді,
«Бұл өзі бір табылған ақыл» деді.
Үш жаққа үш адамды жіберісіп,
Жылқының үш қу басын алдырды енді.

Раушанбек қайғырмайды намыс қылып,
Көбін жүр өнерменен таныс қылып.
Әлгі бас мына бастан бөтен шықты,
Төртеуін қарап көрсе салыстырып.
Шағдат хан бір нан әкеп бер деп айтты,
Раушанның сыншы екенін анық біліп.

—Сыншысың, бәрекелді, сен,—деп айтты,
Нанымды мынау берген же,—деп айтты.
Шарбақта екі жүз елу назбедеу бар,
Қайсысы соның тұлпар, көр,—деп айтты.

Жылқысын сонда Раушан аралады,
Ішінен оның тұлпар таба алмады.
Ала аяқ бір шағыр мен сұр екеуін,
Ішінен тәуір-ау деп шамалады.
«Қайсысы мұның тұлпар, білдің бе?» деп,
Шағдат хан Раушанбектен сөз сұрады.
—Кім сөйлер,—Раушан айтты,—тіл болмаса,
Тұлпарды кім таниды, ми болмаса.
Қолынан басқа атыңның түк келмейді,
Осы бір ала аяқ пен сұр болмаса.

Шағдат хан мұны естіп қуанады,
Көңілі айтқан сөзге жуанады.
—Бәрінен осы аттардың озар еді,
Көрдің бе торы ат мінген дуананы?
Бұл атты сатып алып біз жаратсақ,
Қай жерде бәйге болса сол алады.
—Қалжырап сенің өзің не дейсің,—деп,
Шағдат хан көз алартып бір қарады.

—Екі атымның біліп бердің шабарын,
Диуананың көп мақтайсың шолағын.
Өзің сыншы, ақылың зерек ер болсаң,
Мұнан басқа тағы бар ма табарың?

—Шағдат ханым, құлағың сал сен өзің,
Менім жалған емес айтқан бұл сөзім.
Адамзаттың білуші едім сырттанын,
Түйе малдың байқаушы едім жампозын.

—Үкіматты мен патшамын тағымда,
Әр патшадан артылып тұр бағым да.
Білгеніңді қалдырмай айт, жарқыным,
Онан басқа не білесің тағы да?

Раушан айтты:—Сыншылығым құрысын,
Біз пақырдың кетірдің, тақсыр, тынышын.
Сиыр малды аралап көріп аңласам,
Білуші едім бұқа малдың тынжысын.

Шағдат айтты:—Енді мұны сынайық,
Сыналуға болды бізге ылайық.
Түйе малын тегіс түгел көрсетіп,
Қайсы жампоз тауып берсін сұрайық.
Сыншылықтың қайдан білсін киесін,
Әр келенің ертіп жүрді иесін.
Шағдат өзі қырық уәзірмен басшы боп,
Қалдырмастан аралатты түйесін.

Түйе малдың бәрін көріп өтеді,
Ешбіріне қайрылмастан кетеді.
Көк ала бас қоспақ нарша тұр екен,
Бір қос үйдің есігіне жетеді.

Тағы оқыңыз