Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Раушанбек (9-бөлім)

Көрұғлы · Р. Мәзқожаев нұсқасы · 2 мин оқу

Қайғы-қасірет басыңыздан асыпты,
Кәусар көңілің тасқа тиіп жасыпты.
Көңілі қатты, адамзатқа рақымсыз,
Қорықпай нағып жамандадың пасықты?!

Не әйлайын, ойдырыпсың екі бірдей көзіңді,
Зағыпырандай сарғайтыпсың жүзіңді.
Көп қайғыны тірілей-ақ көрсетіп,
Қор қылыпты Жаппарекем өзіңді.

Енді қайдан сөнген көзің ашылсын,
Дұшман келіп аяғыңа бас ұрсын.
Аманыңда елге қашып кетіңдер,
Мұнда келіп басың қосқан асылсың.

Сыншылығың тиді сенің басыңа,
Рақым етсін көзден аққан жасыңа.
Аманыңда елге қашып жетіңдер,
Әгар өлсең, ешкім келмес қасыңа.

Ақанай дер:—Өзім бақты қарамын,
Тағдыр іске нендей шара қыламын.
Қор қылыпты Жаппарекем Жасаған,
Лажым жоқ, енді қайда барамын?!

Осылай деп бейшаралар еңіресті,
Өкінгенмен өткен қайтып келмес-ті.
«Мал мен жанды Бабалыққа тапсырып,
Түрікпен елге қашайық»,—деп кеңесті.
Шыдамады Шағдат салған азарға,
Тез қашпаса, кездеседі ажалға.
Раушанбекті Ғаждам қолдан жетелеп,
Ат алмаққа алып келді базарға.

Ғаждамбектің көңілінде көп уайым,
Зар жылады Ақанай мен Күләйім.
Ғаждам жүрді Раушанбекті жетелеп,
Қандай малды душар қылар Құдайым.
Раушан айтты Ғаждамбекке:—Қам жеме,
Жүйрік атты дүбірінен де сынаймын.

Қандай малды Ием душар етеді,
Базар келіп аралап жүр екеуі.
Қолда аса, жалбыр торы ат астында,
«Аллаһу!» деп бір диуана өтеді.

Ғаждам айтты:—Өзі жалбыр торы,—деп,
Диуана екен үстінде бар тоны,—деп.
«Шақыр,—деді,—диуананы,—Раушанбек,
Нәсіп болып саудалайық соны» деп.

Ғаждам айтты:—Әй, диуана, тұра тұр,
Сөз айтамын, құлақ салып мойның бұр.
Сатамысың астыңдағы торы атты,
Біз көрейік, біразырақ сабыр қыл.

Диуана айтты:—Теріс емес сөздерің,
Мүшелерін байқап көрсін көздерің.
Түсіп сізге көрсетейін атымды,
Аламысың әурелемей өздерің?

Осылай деп көрсетіп жатыр торы атты,
Тұла бойын Раушан сипап сынапты.
—Сатар болсаң, қашырмай айт бағасын,—
Раушанбектің көңіліне ұнады.

—Керек болса алпыс тіллә бер,—дейді,
Сатылмайды болса онан кем,—дейді.
Кемге сұрап әурелемей өзімді,
Ұнатпасаң басқа жылқы көр,—дейді.

Бұлар айтты:—Артық сұрап пұлдама,
Көп сөз айтып, бас ауыртып жырлама.
Айтқаныңнан сегіз тілләң кем болды,
Беремісің елу екі тілләға?

Диуана айтты «көп айтпадың терісті»,
Бұл саудаға бермекші болып келісті.
«Береке!» деп бір-біріне қол ұрып,
Ақшаларын қалтасынан берісті.

Раушан айтты:—Бізге келді ат,—дейді,
Біз ғаріпке болды Тәңірім жақ,—дейді.
Барлық жұмыс, бәрін қойып, Ғаждамбек,
Бұл атыңды түнекке сап бақ,—дейді.

Қырық күндік дайын қылды жем-шөпті,
Таса жерден соқты мықтап түнекті.
Қырық күн бағып, жем мен шөпке семіртіп,
Раушанбекті түнде апарып көрсетті.

Раушан айтты келіп тұрып маңына:
—Жылқы ермейді бұл тұлпардың шаңына.
Жоңышқамен, жеммен жақсы семірттің,
Енді қырық күн жаратсаң келер бабына.

Кім есітер мен бейшара наласын,
Күнде байқа күннен-күнге шамасын.
Терін алып, суын шайқап, таң асыр,
Ұшқан құс та көре алмайды шамасын.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз