Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майқы (Қазақ) туралы шежіре (11-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 1 мин оқу

Найманнан Қаракерей батыр барып,
Хан сайлап, мерекені жұрт тойлады.
Мұқалы қатынасқан Жалайырдан
Тарихты әркім керек жақсы ойлауы.

Темүшин бұл жиында болған Шыңғыс,
Хан екен әрі батыр, әрі білгіш.
Көп халық бағынған соң басын иді,
Басқа тек, нәсілінде болса да ілкіш.

Он төртінші ғасырдың басындағы,
Әйгілі іс тарих көрген ғасырдағы.
Пакт бар жоғарғыдай келе жатқан,
Еш адам болмағанмен қасындағы.

Тарихтан азын-аулақ хабар алып,
Халықтан естігенім жасымдағы.
Маусымбай менің атым Сабанұлы
Шелегін сүт сұраған жасырмайды.

Сөз білетін егер де болса азамат
Аққа әкеліп қараны жапсырмайды.
Бізде бар көп оқыған төресымақ,
Көтерсең қарсы пікір, жақтырмайды.

Қазақ кім қазақ бол деп сайлаған кім,
Осыны ой жүгіртіп ойлаған кім?
Біресе құс, біресе затқа теңеп,
Ауыртып босқа аузын ойнаған кім?

Қай жерде, кімдер екен қатынасқан,
Пактті сөзі болса ойлы адамның.
Пактке жүгінгенмен қосыламын,
Барлығын ортаға сал, ойда бардың.

Мен бүгін осы арада шеш демеймін,
Білгішсіп жалған айтып, бөс демеймін.
Орынсыз оқығансып, айтсаң жоқты,
Өз басым, міне, осыған өкпелеймін.

Мейлі ғой, өкпелесем, бір адаммын,
Көп жерден мен де өзімше сұрағанмын.
Қазақтың тегі «алапес» дейді біреу,
Шыдайды, жұртшылығым, мынаған кім!?

Орынсыз дәлелі жоқ қиялға еріп,
Осыны оқығансып өнер көріп,
Жартастың жаңғырығы секілдінің,
Бықсытып тізе берген бәрін теріп.

Жазыпты Құрманғали көп шежіре,
Оқыған шығарсыңдар бәрін көріп.
Бір іске талғау-талдау керек шығар,
Сын айтса келмесіне әркім де ерек.

Біресе оны, біресе мынаны айтып,
Шыдайды орынсызға дәтің қайтіп.
Ұрпақтар ұнағанын өзі таңдар,
Ұзартып, отырмаймын көп молайтып.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз