Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майқы (Қазақ) туралы шежіре (6-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Осымен аз уақыт тыныш тұрып,
Орнықты өмір сүрді тыныш қылып.
Қазақты тағы қалмақ қырғындапты,
Қуғындап, тұс-тұс жақтан ұрыс қылып.

Қазақтың осы кезі—толған кезі,
Басалға Майқы биі болған кезі.
Өмірдің толқынымен апат жайлап,
Тағы да болған екен солған кезі.

Өтіпті данышпан боп атам Майқы,
Кейбіреу түсіне алмай қылар сайқы.
Қойылған осы лақап бірнешеу бар,
Екенін ұғушым аз заты қайсы.
Дәуірін жасаған кез аңғармаса,
Ұғымы тыңдаушының болар қайшы.

Және көп Жәнібек, атты Төре, Барақ,
Шаттанар аты аталса түгел қазақ.
Матайда аты ұйқас біреуі-ақ бар,
Жалғыз жүр ер Қабанбай мен мұндалап.
Айтқан сөзі аят пен хадистей боп,
«Сөз атасы—Майқы би» дейді қазақ.

Қазақ қаласы, діні, қақтығысы, ұраны туралы

«Орнық» қаласы

Майқы атам «Орнық» деген қала салған,
Орынын Азиядан тамаша алған.
Үмітпен орнықсын деп атын қойып,
Есімін өз тілінше жаңаша алған.

Бұл орын көпке дейін мекен болған,
Қаланың төңірегі екен қорған.
Кезекпен өзі өлген соң хандық құрып,
Бұл жерге қазақ түгіл, шетел қонған.

Шетелдік келген жауын маңайлатпай,
Қорғаған төңірегін жасақ молдан.
Шыңғыстың лаңында талқандалып,
Шыққан күш, еткен еңбек бекер болған.

Қазақ та сол бір кезде білім алған,
Біреу шын дер бұл сөзді, біреу жалған.
Күлін көкке ұшырып жоқ қылыпты,
Кейінге жоқ сияқты бірі қалған.

Шыңғыспен алғашында қарсыласып,
Ұрысқа түгел қазақ жалпыласып,
Типыл қып Орнық шәрін тоздырыпты,
Қалдырмай орнында жарты лашық.

Арабтан сол бір кезде үлгі алыпты,
Екені осылайша бізге анық-ты.
Дүниеден Майқы да өтті, Төле де өтті,
Кім тұрған дүниеде бірқалыпты.

Бар болса қай орында ескі мұра,
Барлығын жоқ қылуды ұйғарыпты.
Қазақтың бар мұрасын күл қып өртеп,
Тарихтан кейінгілер құр қалыпты.
Ауыздан естіген сөз аңыз қалып,
Осыдан тарих қайта құралыпты.

Сондықтан кейі—анық, кейі—жаңсақ,
Күтеді нақ болса деп халық аңсап.
Ендігі қалған міндет жастарға тән,
Халықтың бұл талабы емес алшақ.

Болыпты үкен шаһар Ажамдағы
Ұққанды есіткенмен жазам дағы.
Жанымнан жалған сөйлеп жауап берсем,
Бұл менің әруақ үшін қазам дағы.

Аудартты Ыбырайым рисаладан,
Баспаға бермек болып Қазандағы.
Бұзылды бір-ақ заман толқын болып,
Баспаға сол себепті бара алмады.
Ел ауып ақ патшаның лаңыменен,
Сондықтан жұрт ішіне таралмады.

Баласы мен—Кәрібай, Таңатардың,
Тыңдаушысы келіссе жарасар мұң.
Әлі де жұрт ішінен орын алар,
Болса егер Алла қосып таң атар күн.

Қазақтың ислам дінін қабылдауы, Махмұт дананың Қазақ

атануы

Біз айттық қазақ тегі түріктігін,
Ескеріп мұны бұрын ұғыпты кім?
Әр түрлі шешім айтып келді емес пе,
Өзінің әркім айтып жүйріктігін.

Жоғарғы талдап айтқан дәлелдерден,
Бұл жөнді енді отырмыз біліп бүгін.
Бұл жөнді енді отырмыз біліп бүгін,
Таласты бұл жөндегі баяндайық,
Жұрт айтар бұрысы мен дұрыстығын.
Сынына көпшіліктің ұсынғансын,
Шешіліп кетпесе де бұл іс бүгін.

Біз айттық Махмұттың даналығын,
Кетпесін тағы жаңсақ арада ұғым.
Әр жүйрік өз тобынан бәйгені алып,
Өзінің көрсетеді ағалығын.

Аудардым кітап сөзін өлең қылып,
Емес бұл менің қосқан жаңалығым.
Жаймақпыз кейінгіге мұра қылып,
Бұрынғы ата-баба тәбәрігін.

Басынан бұл тарихты оқымаса,
Шала боп түсіне алмай қалады ұғым.
Және айттық Махмұт пенен кәуір жайын,
Амурдан Сырға ауған ауыр жайын.
Тыңдаушым, ықыласпен түсініңіз,
Сөзімді баяндайын, жаңылмайын.
Бас қосып Мажиқыда жиын ашып,
Ел болып, келелі істі ақылдасып,
Махмұт Мажиқыда би сайланып,
Шығарды жеті түрлі жарлық шашып.
Мәнісін жеті жарлық тыңдатқамыз,
Бұл жағдай баяндалған көпке ашық.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз