Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майқы (Қазақ) туралы шежіре (5-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Жер бөлігі

Ұлытау, ұлы дария, ағынды өзен,
Немесе асқар таудан асқан кезең.
Даңғыл жол, ел жүретін жұртқа әйгілі
Осылар жер бөлігі болсын деген.
Екі жақ ақылдасып, бірлікке кеп,
Онан соң мекен етіп қонсын деген.

Ұрлық туралы

Бұрын егер кейбіреу ұрлық қылса,
Немесе тартып алып, зорлық қылса.
Барған аяқ, ұстаған қолын кесіп,
Аямай қинау екен мойын бұрса.

Күшінен мына билік қалсын деді,
Сарапқа нақ тексеріп салсын деді.
Мүшесін адамзаттың зақымдамай,
Төлемін айыбымен алсын деді.

Өйткені ұрлағаны мал емес пе,
Қылмысы ұрлаушының бар емес пе?
Ақ малын артығымен алып берсе,
Осы үкім ойластырсақ дәл емес пе?
Тартып, талап алғаны рас болса,
Оған да қырық қамшы бар емес пе?

Барымта туралы

Біреудің малын алса барымталап,
Жұмысы тура болса барынша ақ.
Ыңғаймен тоқтам қып, түзеткен жөн,
Жүйесін кім таласар, табылса нақ.

Барымта алар, бетім ала алмаған,
Келмес-ау деп ойланып залал маған.
Жалған болса себепсіз, ол да ұрлық,
Өз обалы өзіне арандалған.

Куәлік туралы

Халықта әрбір түрлі дау болады,
Шешпесе, даудың арты жау болады.
Әрбіреуі өз ісін тура дейді,
Таластан қалай адам сау болады.

Таразы сөзді өлшейтін шындық керек,
Кейбіреу дауға шебер нау болады.
Кезінде ушықтырмай шешпегенде,
Үйіліп, бара-бара тау болады.

Би керек осыларды шешетұғын,
Туралап әділ билік ететұғын.
Зұлымдыққа жол беріп, кеңдік етсе,
Көзінің ноғаласы өсетұғын.

Зәр жұтқанын біле алмай, бал жұттым деп,
Құрсағын пара-пара тесетұғын.
Білетін әрбір іске куә керек,
Жалынсыз даудың оты өшетұғын.

Бар екен бұдан бұрын жолсыз үкім,
Жалған айтса тіл ұшын кесетұғын.
Өтірік көрдім десе, көзін ойып,
Өмір бойы мүгедек ететұғын.

Алдымен мынаны алып тастау керек,
Халықты шындық іске бастау керек.
Нақ болсын, шындық болсын дәлелімен,
Айта берсе, бір үлкен дастан керек.
Талапкер даугер менен куәшінің,
Әр сөзін салмақпенен растау керек.
Жауапкер малын берсін, алған болса,
Куәші айып төлесін, жалған болса.
Барлығы малмен бітім, тыным болсын,
Бұйырылсын кешірімге аздау болса.

Мал құны туралы

Жетінші бір тармағы—малдың құны,
Барынша қажет етер халық мұны.
Бұған да нарық кесу тура келді,
Дәл онсыз болмаған соң тіршілігі.

Жылқы, сиыр, түйе мен ірі қара,
Бағасы мән жағынан дара-дара.
Барлығының бағасы бұрын ұқсас,
Емес-ті біреуінен біреуі ала.
Бағалы ел ішінде нарқын өлшеп,
Бағаны барлығына кесті жаңа.

Ең жорға ат, озған бәйге тұлпарларды,
Қуса жетіп, қашқанды құтқарғанды.
Бұлардың ең үздігі жүз қой болсын
Дегенде, дәл-ақ десіп жұрт таң қалды.
Сабаз атан, нар түйе бірдей болсын,
Бұларға теңемейік еш малдарды.

Бұларға жиырма бес қой құн берілсін,
Пайдасына қарата ой бөлінсін.
Жер қайығы, әзіргі жұрт көлігі,
Ұнады халыққа да бұл келісім.

Үшінші, тақ қара мен атан өгіз,
Барлығына бір баға болсын негіз.
Бағасы осылардың он қой болсын,
Бір бесті үшін берілсін қойдан сегіз.
Қараның орта өлшемі бесті болсын,
Ұсақта тоқты менен ешкі болсын.
Барлығы осыларға сындырылып,
Өлшемі барлығының есте болсын.

Осымен ел ішінде бітім болып,
Сызылған тозбайтұғын кесте болсын.
Біз үшін осылайша бас қатырған,
Бұрынғыға қалайша өкпе болсын.

Дейді екен жоғарғыны жеті бітім,
Қолданды қазірге шек халық бүтін.
Әр дәуір таразысын өзі құрған,
Кейі жөн, кейі қате дерсің бүгін.
Не артық атқарамыз, немесе кем,
Үлкендер артып кетті бізге үмітін.

Басында жазған екен қалмақ үшін,
Қалмақтан тиісті үлес алмақ үшін.
Жасасты кәуірменен Майқы бітім,
Кейінгі ел атқарды қалған ісін.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз