Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майқы (Қазақ) туралы шежіре (9-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Қазаққа мәдениет, білім берген,
Үйренбеу—өзі намыс білімді елден.
«Рисалада» осылай жазылыпты,
Біз жоқпыз осылардың бірін көрген.

Ишанның ел риза данасына,
Халықтың ғылым құйған санасына.
Қасына еріп келген қожаларды
Үш жүздің бөлген екен арасына.
Әр жерден мешіт салып, медресе ашып,
Оқытып сабақ берді баласына.

Түріктен дейді өзгеше қазақ тілі,
Сөзімнің түзетіңдер, болса міні.
Түріктен кітап әкеп, дәріс берген,
Кітап тілі деседі ел қазір мұны.

Ақиқатқа жұртшылық мойындайды,
Мұнан гөрі дәлірек болса шыны.
Салыстырып жігіттер, көріңіздер,
Ол күндегі жазудың мынау түрі.

«Изатлу уа құрматлу йазамын хат
Ишлауга біз интызар сізге құрмат.
Йолдаған жанабыңа үшбу хатым,
Айтамыз жан-тән билән сізге құрмат».

Жазылды бергінге шейін осы тектес,
Көргенді, ұққанды айтсақ ешкім сөкпес.
Үйретті өз білгенін халайыққа,
Болған соң берекемен бір ниеттес.

Дін жөнін көбінесе қарастырып,
Шариғатпен түрлі істі жарастырып,
Бағдаттан оқыпты арабшаны,
Төле менен Естанай талап қылып.

Жоғарғы айтқанымды қайта айтпаймын,
Тыңдаушымды алармын адастырып.
Надан ел артта қалды, шаруа қуып,
Ғылымды көргені осы өзі туып.

Көшпенді, бытыраңқы, оқытушы аз,
Бірде қызу оқылса, бірде суыт.
Оқып жеткен адам аз болғандықтан,
Озған елге келе алсын қайтып жуық.

Тыныштық, алаңсыздық тапшы болып,
Бір күн малын кетеді қалмақ қуып.
Сөйтіп жүріп өнерден мақұрым қапты,
Қолы менен аяғын қабат буып.

Бір жағынан соқтықса орыс келіп,
Одан барып шығады соғыс келіп.
Бөрі келіп, үріккен қойдай болып,
Одан зорға құтылар қоныс беріп.
Азияның көп жерін ол да жалмап,
Зорлық пенен зомбылық көп істеліп.

Дін таралып, сондықтан орнықпаған,
Ғылым білмей, өнерсіз қалдық надан.
Мәдениет алыста, оқу қиын,
Көбінесе, оқымай қол қысқа адам.

Кей жерде нақ орнығып кете алмапты,
Жағаласып сонымен келеді шаман.
Шаман діні сыйынып от пен күнге,
Онша парқы белгісіз мұңғылшадан.

Кете алмай ислам діні кең таралып,
Алшақ боп бытыраңқы елде аралық.
Кей жерде шаман діні сақталыпты,
Сезіліп ислам діні бір жаңалық.

Ол кезде бытыраңқы, халық тарқақ,
Жайласқан Азияға түгел тарқап.
Батысы Капказ, Орал, Алатауда
Кетіпті тым бытырап, арасы алшақ.

Арғынның дәл мекені—әзіргі Алтай,
Тарихта дейді тура, емес жаңсақ.
Айтылар мұның жөні «Үш сапарда»,
Бұл істі деп отырмыз кейін жазсақ.
Тарихта Қарпық ханды ел біледі,
Найманда Байтоқа хан ел биледі.
Байтоқа хан, Тоқты би, Қарпық, Алтай
Десе де ел осыларды тең біледі.

Мекені Қарпық ханның қазіргі Алтай,
Өтесің көлденеңнен әзер жарты ай.
Баласы Алтай атты өте ер боп,
Айбатты болған екен өзіне сай.

Шығысын Азияның жаудан қорғап,
Жайылып дүниеге шыққан даңқы-ай.
Бір шеті Моңғолия болса керек,
Бойына қара Ертістің салыпты жай.

Өңірін Тянь-Шаньнің Қарпық билеп,
Мекендеп Жетісуды Төлегетай.
Бір шеті Есіл, Нұра болса керек,
Қарапты Байтоқаға Тарбағатай.

Тұсында Шыңғыс ханның қаза болған,
Басында Қаракітат жатыр Нартай.
Кейінгі ұрпағына мұра қылып,
Мекеніне қоятын елдің салты-ай.

Бұл жерлер мекені екен Орта жүздің
Кітаптан көргенімді хатқа тіздім.
Кіші жүз—Азияның орталығы,
Мекені батыс жақта Ұлы жүздің.
Ғасырдың он да, он бір кезіндегі,
Тарихымыз осылай ұққан біздің.

Шыңғыстың басталғанда зобалаңы,
Қырғында қалай халық оңалады?
Неше жыл қанды қырғын соғыс болып,
Барлығы бұл хандықтың жоғалады.

Зор күшпен алдап-арбап Шыңғыс жеңіп,
Қазақтың сөйтіп шыққан тозалаңы.
Кешіріп екінші рет зор зобалаң,
Кейіндеп қазақ қайта оңалады.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз