Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майқы (Қазақ) туралы шежіре (1-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Қазақ туралы

Жамағат, көңіл қойып салсаң құлақ,
Жазайын аз әңгіме Хаққа жылап.
Айтамын естіген мен ұққанымды
Қоспаймын бөтен сөзді ойдан құрап.

Дәлдігін ұққан істің айтқан жақсы
Жөні жоқ монтансудың сипап-сылап.
Қазақ кім, қай нәсілден жаралды деп,
Біреуден біреу жөнін жүр ғой сұрап.

Бұл өзі ертек емес, кітап сөзі,
Көшірген бірнеше адам басын құрап.
Мәнісін баяндадық өз кезінде
Көбейіп қайталасақ кетер ұзап.

Кетейін мұны да айтып сөз басында,
Болса айып—мен жауапты өз басымда.
Көпшілік, қате жерін өзің түзет,
Жатпайды қисық ағаш тез қасында.

Кейбіреу қазақ тегі араб дейді,
Келіпті содан бері тарап дейді.
Нәсілі Ғакашаның Аннас ұрқы
Таралды осы тектен қазақ дейді.
Кейбіреулер айтып жүр өзбек деп,
Әрбіреу апармақшы өзіне ептеп.
Бәрін де көрген жан жоқ, естіген көп,
Ел айтар бәлендерден естіп ем деп.

Аңызды ел ішінен сұрастырып,
Бірталай бұл туралы еттім еңбек.
Тарихты жазғандардан алып оқып,
Тырыстым дәл шындыққа жеткізем деп.
Кейбіреу ала қашып арындап жүр,
Мен сенен қайтсем дағы көп білем деп.

Дәріптеп әртүрлі ойды таратып жүр,
Аузына момын елді қаратып жүр.
Мен ұқтым бәлендерден, шындық бұл деп,
Әрбіреу әртүрлі айтып, таласып жүр.
Көпшілік, сарапқа сал, өлше ойыңмен,
Демеймін ешбіреуі адасып жүр.

Шығайын тыңда, жұртым, жауап беріп,
Кетпеңіз дәлелі кем сөзге еріп.
Көпке ортақ, келелі іске пакт керек,
Қайсысы дұрыс десең, өзіңде ерік.

Мынау деп кесіп айту жөн-ақ еді,
Отырсақ қолмен ұстап, көзбен көріп.
Алдымен араб деуші азаматтар
Ми жұмсап, мынаған көз жіберелік.

Ұстаған Хақ пайғамбар ислам туын,
Ел өтті сонан бері неше буын.
Отырмыз көп сынына, сарапқа сап,
Тыңдаушым, алаң болмай, сөзімді ұғын.
Ғакаша пайғамбарға серік еді,
Расулдың айтқанына сеніп еді.
«Алла—бір, Құран Кәлам—ақиқат» деп,
Дініне исламның еніп еді.

Көтеріп мәртебесін ықылас беріп,
Ақ туын Ғакашаға беріп еді.
«Тарихын әнбиенің» оқығандар
Талайы мұны көзбен көріп еді.

Пайғамбар—исламның қорғаны ғой,
Қамқоршы үмметінің қормалы ғой.
Қазақ тегі Ғакаша болған болса,
Сол кезде шын мұсылман болғаны ғой.

Бұл сырды халайықтың көбі білед,
Хақ дінге қазақ кірді кейінірек.
«Туған күні мұсылман екенбіз» деп,
Еш адам тұра алмайды табан тіреп.

Кете ме араб болсақ, тіл өзгеріп,
Азған жоқ исламның діні өзгеріп.
Мұсылман кейін қазақ болуы анық,
Қайтеміз жаңсақ айтқан сөзге еріп.

Бір нысан адам тектес бізде бар ма,
Қаншалық айтқанменен сөзге өң беріп.
«Киізден туырлықты тіккеміз» деп,
Жармасты бір жағынан қалмақ келіп.

Берелік қысқа жауап қалмаққа осы,
Қаласы, ұқсайды екен тіккен қосы.
Мал бағып сахарада өскен елдің
Барлығы шәугім іліп, тіккен мосы.
Осының ойланайық, бәрін талдап,
Демейік мынау араб, мынау қалмақ.
Бәріне дәлел менен пакт керек,
Сендірмес жүйесіз сөз ешкімді алдап.

Күнәлі боп қайтеміз Алла алдында,
Біреуін біреуіне үзіп-жалғап.
Кей жанның ойы терең, сөзі сараң,
Анадан біркелкі боп тумайды адам.
Мұсылман нәсіліміз болуы анық
Таралсақ Ғакаша атты сахабадан.

Өзбек туралы

Ұрқы екен өзбектің Шаһнияз,
Бойында Алатаудың құрған сиаз.
Қазақ біздің ұрқымыз десе керек,
«Өзі зордың сөзі құп» деген рас.
Одақтасып кәуірмен соғысқанда,
«Өзбек—өз ағамыз» дедік, рас.
Ханның ұрқы болуға құштарлықтан,
Бірден бірге жалғасып қалған мирас.

Осы сөз жайылып жүр елден елге,
Таралмауға тиісті құр бекерге.
Түсінбей ел бұған да қосылыпты,
Бас иген кез құл болып төрелерге.

Осы сөз он бесінші ғасыр кезі,
Осыған да нана ма тірі пенде.
Қазақ бұрын жаралған талай ғасыр,
Тарихқа ойлана бер, көз жібер де.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз