Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майқы (Қазақ) туралы шежіре (2-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Қысқаша берер жауап осы ғана,
Араб, қалмақ, өзбек дегендерге.
Кейбіреу жүр тізілген қазға теңеп,
Қазақ болып қалғандай түсіп жерге.

Көңіліңді бөл, жамағат, бұл кеңеске,
Мына бір іс түседі бірден еске.
Шын құсқа келсе егер теңегісі,
Лайығы бәрінен де тырна емес пе?

Түрік туралы

Қазақтың дейді кітап тегі түрік,
Ұғынуға тырысалық нақтап біліп.
Оқушым, айып етпе біз пақырға,
Ағат сөз арасына кетсе кіріп.

Ұққанымды еліме жаюшымын,
Айтарсың әділдікпен өзің билік.
Бұл туралы айтысып жүгіністі,
Не данышпан ғалымдар, нелер жүйрік.

Тайыпта Аннас, Еснас өмір сүріп,
Жасапты сахарада көшіп жүріп.
Мал бағу, жеміс теру, киік аулау,
Жоқ екен одан басқа еш тіршілік.

Таралып Аннас ұрқы Әбусақтан,
Баласы Әбусақтың Сақғақаптан.
Баласы сол Сақғақаптың Махмұттан
Нәсілі ауызға алса етер мақтан.

Ол кезде ислам діні тарамаған,
Хандыққа басыбайлы қарамаған.
Көшпенді сахарада халық екен,
Кемінде мың жыл бұрын жаңа ерадан.
Жаралып қазақ тегі мың жыл бұрын,
Тарихтың дәлел қажет айтсаң сырын.
Тайыптан Аннас, Еснас шыққан екен,
Мұхаммед дүниеге келмес бұрын.

Мен өзім ғалым емес, оқуым мол,
Қате айту ұғынбаса, емес қой жол.
Бертінде қазақ дінге кіруі анық,
Шындыққа жүгінемін, қоямын қол.
Дін жөні бір тарауда сөз болады,
Тыңдаушым, бұл туралы мұқият бол.

Қылмайды халық тегі діннен парық,
Кетемін мына сөзді мысалға алып.
Үй тігіп, малын бағып, көшіп жүрді,
Мал бағып түрік тектес барлық халық.

Арабтан түрік кейін дінге кірген,
Тарихтың түсінеді жайын білген.
Басында қарсыласып, қан төгісіп,
Дін тапты, тәлім алып Хақ Расулдан.

Ол кезде Аннас тегі сахарада,
Мал бағып, шығыс жақты кезіп жүрген.
Басында мекендепті Тайып шәрін
Адам жоқ ол күнгіні көзбен көрген.

Тарихтан дәріс берген Сұлтан шәріп,
Данышпан, ғалым еді дейді халық.
Таралып бүгінгіге жетті қазір
Біреуден біреу көріп, жазып алып.

Шәріптің тегі түрік, ғалым еді,
Болғаны көп жыл ұстаз анық еді.
Атақты Құндыбайдың Дәрібайы
Уфаға оқу үшін барып еді.
Оқыған он екі жыл мезгілінде,
Тарихтан содан сабақ алып еді.
Қауырсын қаламменен Дәкең жазып,
Бұл тарих содан бізге қалып еді.
Тұқымы Мәккаридің Аннас, Еснас,
Жалғасқан содан бізге тарих еді.

Аннастан оныншы ата аты—Ғақап,
Кетуге тура келді атын атап.
Қалмақтың қысымымен ауған Сырға,
Тұқымы Амур бойын көп жыл жасап.

Баласы Сақғақаптың Махмұт дана,
Артықша Жаратушы берген сана.
Қаратау, Сырдың бойын мекендепті,
Қалмақпен сыйыса алмай екеуара.

Баласы Әбусақтың көп халық боп,
Тарапты дүниеге дара-дара.
Көшіп кеп Мажиқыда тұрақтапты,
Бойында ұлы жоспар боп нысана.
Жасақпен елін қорғап көшкен екен,
Ылажсыз бұдан бөтен таппай шара.

Қалмақтың ең бастығы, аты—Кәуір,
Қысымы болған екен тым-ақ ауыр.
Ұрқымен Мажиқыға көшіп келіп,
Сол жерде елін қорғап, болыпты ауыл.

Сол жерде басын қорғап, елін жиып,
Мекенін Амур дағы қашты қиып.
Орнығып, Сыр бойында көшіп жүрді,
Өзіне емін-еркін жер есе тиіп.

Бұл жерде елін қорғап, жиын ашты,
Басқарып Махмұт дана болды басшы.
Шығарып осы орында жеті жарлық,
Қалайша атқаруды ақылдасты.

Берейін ұққанымша аз түсінік,
Тыңдаушым, сөзіме қой ықыласты.
«Рисала-и тауарихтан» алды жазып,
Бір Алла өзі білер қате-расты.

Ғасырдың сегізінші бас кезінде
Қалдырған бізге жазып бұл мирасты.
Көшірдім ғалымдардың кітабынан
Сөз емес анау-мынау алыпқашты.

Осылай, тыңдаушылар, сөздің жәйті,
Мәнісін түсінбесең, дерсің қайсы.
Көп ісіті Мәжиқыда шешкендіктен,
Атанған Махмұт дана болып Майқы.
Майқы деп Мажиқыны кеткен халық
Мұндай іс тарихта көп, емес сайқы.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз