Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майқы (Қазақ) туралы шежіре (8-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Алыпты үш жүз жасақ алты арыстан,
Байқапты елін қорғап, жауды алыстан.
Ақтабан шұбырынды жаугерлікпен,
Баласы Алты арыстың Сырға ауысқан.
Жасағы қаһармандай қаһарлы боп,
Ысқырса, қалмайды екен бір дауыстан.

Елінен үш жүз жасақ жиған Майқы,
Бұзықты содырменен тыйған Майқы.
Өзбек, қарақалпақ қырғызбенен,
Аралас Азияда тұрған Майқы.
Бірлесіп түрікпенен ақыл қосып,
Ұзақ шеп болашаққа құрған Майқы.
«Алла—бір, Пайғамбар хақ, Құран—шын» деп,
Құлшылық Алласына қылған Майқы.

Кәуірдің алтын асықтық ережесін,
Орнықты сабырлықпен бұзған Майқы.
Шығарып Мажиқыда «Жеті жарлық»
Бітіріп жеңілдікпен ауыр істі,
Өнеге кейінгіге қылған Майқы.

Алашты дінге салған қазірет ишан,
Данышпан, адам екен сөзге шешен.
Қан төкпей қарапайым уағыз айтып,
Салыпты ислам дінге аман-есен.

Мысырдан дін уағыздап келген ишан,
Аралап он екі жыл жүрген ишан.
Қазылық ел басқарған ақылына,
«Қазы-ақ» деп Майқыға атақ берген ишан.

Махмұт Мажиқыда Майқы аталды,
Халық өзі ұнатар қайсы атауды.
Данышпан ойға озық білгірлікпен,
«Қазы-ақ» деп мадақтаумен қайта аталды.

Қараған қол астына мұқым халық,
Қазақ деп сол себепті кетті аталып.
Жасаған Азиядағы барлық елден,
Сол кезде одақтасқан көмек алып.

Естанай бұл туралы былай депті:
Қасында бәріміз жоқ, өткен тарих,
Басынан қос орданың қарауылдап,
Көз салса, көрінеді бар ауыл нақ.
Сан майданда болысты түйесіндей,
Баласы Өзбектің бала Қонақ.

Қазақтың тілегі бір қырғызбенен,
Бар шығар кейбір әдет біз білмеген.
Қазақпен діні де бір, салты да бір,
Тілінде аз парық бар шүлдірлеген.

Болысты сан майданда қарақалпақ,
Жеткенше кең қолтыққа үлкен алқап.
Жеті өзен түгелімен Сырға құйып,
Аяғы—Өлі дария, басы—Талтақ.

Орта жүзді кәуір шапқанда Естанайдың Келімбет еліне

(түрікменге) жіберген хабары

—Ей, Келімбет, Келімбет,
Келіп тұрмын елім деп.
Қан майданда туыс ек,
Қалмақ кетті телімдеп.

Қырылған ел, аққан қан,
Ойламаңдар тегін деп.
Соғысамыз қайтадан
Демалып аз ерулеп.

Қапыда тиді бас салып,
Халық қалды жасқанып.
Қалмақты арттан қуамыз,
Кең өткелден ат салып.

Батырлар кетті ізімен,
Бөлек-бөлек жүреміз.
Келіп жүрмін хабарға,
Батырдың айтқан сөзімен.
Жетіөзеннен тосамыз,
Аттаныңдар тезінен.
Кек алмай аттан түспейміз,
Биылғы жаз-күзімен.

Қобыланды айқасар
Шынайы қара баспаса,
Қалмақтың берер сазайын,
Іс оңына бастаса.

Кезігіп қонақ қырынан,
Кең өткелден ат салса,
Жермен жексен қылмай ма,
Алты Алаш түгел қаптаса?!

Қолқа тисе қосылып,
Қалмақтың қаны жосылып,
Тұс-тұсына қашады,
Шілдей болып шошынып.

Осының көмектескен бәрі жасақ,
Қан төгіп, тер ағызған бірге жасап.
Барлығы қазақ болып кетті дейді,
Майқы би ту көтеріп, бәрін бастап.
Қосылып, араласып кетсе керек,
Өзінің елі менен жерін тастап.

Басқа елге қазақ өстіп қосылыпты,
Болса егер елі күшті, қосы мықты.
Қалатын жаудан қорғап салты емес пе,
Егерде болса әркімнің досы мықты.
Жасасып бір-біріне тұрмыстанып,
Елге айналып кетіпті отырықты.
Ғасырдың сегізінші ішіндегі
Үңіліп ой бөлмеген түсінбейді.
«Қазақ» деп кімге қойған лақап ат деп,
Әрбіреу әрбір түрлі пішіндейді.

Десе егер қазақ бұрын басқа дінде,
Жүрегі кейбіреудің дүрсілдейді.
Бір кезде тұтынғанын шаман діні,
Тарихты кім түзетер болса міні.
Кезінде жоғарғы айтқан Махмұттың
Тарады дейді халық ислам діні.

Оқытты иманшартты, әптиекті,
Ықыласпен халық қойды шын ниетті.
Атамай Смағұлдың нағыз атын
Пір тұтты, құрмет етіп қасиетті.

Салт жүру шариғатқа қилаптық деп,
Қазақтан бір қыз алып некаһ етті.
Дейтұғын Нығметулла бір ұл туып,
Нәсілі қожа болып бізге жетті.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз