Шыңғыз хан шежіресі (1-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
Әуел нағашы бабаларын сөйлейік. Қадым заманда Ақ теңіздің ішінде Малта деген шаһар бар ерді, ол шаһар ханының аты—Алтын хан. Ханшаның аты Көрлауыш деген ерділер. Ол екі падишаһтан бір қыз туып, атын Ғамәлік көріклі атадылар. Айға, күнге көргізмей, қырық құлаш тас сарайда қоймыш ерділер. Ләкин көркі андағ ердікүм: құрығ ағашқа күлсе— жапырақ, тақыр жерге бақса—өлең бітер ерді. Шашын тараса, інжу төгіліп, түкірсе, алтын-күміс болар-ды. Әма дүниеде артық туғмыш жан ерді. Қасындағы даяларынан өзге жақын даясы Орда хан деген ерді. Күнлерде бір күн балиғ болғандан соң айттыкүм:
—Әй, Орда хан, сен бұ жерден шығып, тысқарыны көресің, әма дүние деген бұ жер ме, я өзге жер бар ма? Иә, үшбу сарай іші ма дүр,—дейді.
Орда хан айтты:
—Дүние деген тысқары кең жаһан дүр, һәм күн деген, ай деген нәрселер бар ку, дүниенің раушанлығы анлар бірле дүр,— дейді.
Ондан Ғамәлік көріклі айтты:
—Әй, Орда хан, сен беңа ол нәрселерні көргізгіл,—дейді екен.
Орда хан айтты:
—Сен ол нәрселерні көрсең өлерсің,—дейді.
Аңа Ғамәлік көріклі:
—Өлсем, өлейін, көргізгіл,—дейді. Ирсә, Орда хан терезені ашып жіберіп еді, күн жарығы үйге кірді. Аны көрген Ғамәлік көріклінің хошы кетіп, өле қалды. Даялары: «Ханға не айтамыз?»—деп жыластылар. Бір күн болғаннан соң, хошыға келді. Даялары сүйінісіп тұрадылар. Хошы келгенден соң айттылар: «Не көрдің?»—дейділер.
Анда Ғамәлік көріклі айтты:
—Баяғы көрген күннен соң құрсағыма бір ұғлан пайда олды, атама не айтасың,—дейді. Әма ол Алтын хан бір уақытта қызын келіп көрер ерді, соң Алтын хан қызын көрмекке келді. Ирсә, қызы хамле болмыш.
Қызына айтты:
—Хамлені қайдан хасыл еттің?—деп көп сөкті. Үйге қайтты, қатынына бұ сырды айтты:
—Ғұмырымыз ішінде мұндағ баднам іс болмағай, не қылармыз?—дейді. Анда қатыны айтты:
—Емді мұны бұ жерге, бұ жұртқа беріп болмас, аның үшін күм адамы шайтанбірлән барабар дүр, көп сөзлер, көп ауазлар шығар,—дейді,—емді мәслихат солкүм, бір гүзел кемебірлән Түн теңізіне салып жіберің, бір нәсібліге жолыққай!—дейді. Кеме жасаттырдылар, қырық қызметкер илә алтын қозыбірлән, тотықұсбірлән, сөнмес шырағбірлән, түгенмес азығыбірлән, Тора тауынан Түн теңізіне салып жіберділер.
Алтын кемебірлән бір қанша күннен соң теңізбірле алтын кеме көп заман жүріп, бір жұртқа жақын келерінде, ол заманда Тұрымтай шешеннің ұлы Тұмауыл мерген атасына ашу ерді, ел тысына шығып жатыр ерді. Жанында қырық кісі бар ерді әма ішінде бір қараушысы бар ерді, Шыба соқыр деген түркімен ерді, маңлайында бір көзі бар ерді.
Бір күн айтты:
—Аға мерген, жырақтан бір қара көрінеді.
Мерген айтты:
—Ол не қара дүр?—дейді.
Шыба соқыр айтты:
—Бір алтын кеме келе дүр бір қара таудың пәстінен, соны өтінемін, іші сеңа, тысы меңа болсын.
Мерген айтты:
—Қош, алай болсын, теңлес күн түс уақытында кемені көрділер. Ол кемені һеш бұзмай ылаж жоқ.
Андан Шыба соқыр түркімен айтты:
—Әй, мерген, атып бұзғыл.
Мерген айтты:
—Тура атайын ба, қия атайын ба?
Шыба соқыр түркімен айтты:
—Тура атсаң, ішінде жанлық нәрсе болса, тиер, иә, мерген, қия атқыл,—дейді.
—Қош, алай болса, қия атайын,—деп, оқты жаға кездеп андағ аттыкүм. Кеменің үш тақтасын айыра ерді. Емді қият халқының асылы бұлардан тұрар.
Андан соң, ол кемені бұзғаннан соң Ғамәлік көріклі шыға келді, қырық қызметкері иле көк көгаршынлар иле алтын қозыилән, тоты құсилән баршасын Тұмауыл мерген алды. Кеменің тысын Шыба түрікмен алды. Андан соң Тұмауыл мерген ол кемені шатыр қылып, ол қызны алып жатпағына тіледі.