Шыңғыз хан шежіресі (4-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
Бұ сөздерді айтқан соң Бұданатай, Белгұдай жұрттарына қайттылар. Аналар қайтқан соң бұ ұғылдар—Боданжар, Қиғынжар, Салжұт ағаларының өсиет, үгіттерін сөзлерін тұтмадылар. Анасының санға санасы болдыдар. Ел, күн бектеріне және халық ұғылына, қыздарына күш ете бастадылар. Байлардың айыр өркеш түйесін, нарларын, айыр аяқты малын, жорғасын, бойы ұзын арғымақларын, батыр жігіттер киер күпісін, жақсы беклердің қызларын алды. Бұ іске халық ұғылы көнбес болып, жиылып келіп Алаңқаға айттылар:
—Әй, Алаңқа! Біздің етіміз бітіп, сүйегіміз қалды, енді шыдар халіміз қалмады,—дейділер.
Анда Алаңқа айтты:
—А, әй, халық ұлы! Олар бенің сөзімді тыңдамаслар, сіздердің қадіріңізді һам білмесләр. Әй, халық ұлы! Менің ерім Дойынбаян сіздерге айтпады ма, мен өлген соң түс тұл болып келермін,—деп,—енді келер уақыты ерішкен дүр, ырыс халыңыз болса, ер ұғыл болған,—дейді. Сонда Алаңқадан бұ сөзді естіп, халық ұлы сеніп, шат болдылар. Андин соң Алаңқаның бұ сөзі халық арасында мәшһүр болып, дүниеге қашан келер деп аны күтер еділер. Сонда Алаңқаның үш ұғылы Боданжар, Қиғынжар, Салжұт халайықтан бұ сөзні естіділер. Ашуланып, жиылысып бір күн анасына келеділер.
Анда Алаңқа:
—Әй, балалар! Қалай барасыз,—дейді.
Аналар айттылар:
—Сенің бір өтірік сөзіңді естіп келдік.
Сонда Алаңқа айтты:
—Әй, уәй, шомылар! Менің сөзім не үшін өтірік болсын,— дейді. Аналар айттылар:
—Әй, ана, өтірік болмай не болсын, «құрсағымда ер бала бар» деп халық ұғылына айтыпсың, бізді ұғылға санамайсың, құрсағыңдағы баланы көтересің.
Сақалықпысың, су ішіп буаз болған, мәни деген құспысың, күн астына буаз болған, қауын-қарбызбысың, жерсіз ұрлық жемеген, тауықпысың көңге аунап, жұмыртқа салған, қара сумысың, көбік асап буаз болған? Сенің ерің өлгенде, «құрсағымда бала бар» деп халықты аздырасың, анау түнеге күн бір бұтқа сатып алған Ялынменен ойнас болып, буаз болғансың,— дейділер. Сонда Алаңқа:
—Әй, әй, халық ұлы! Бұ сөз сөзім дүр, я сендердің сөзіңіз бе еді дүр?—дейді. Халық ұлы жыласып, еңіресіп: «Бұ сөз ұғылдарыңның сөзі дүр»,—дейділер. Анда Алаңқа айтты:
—Әй, халық ұлы! Емді сенбеңіз оларға, екі-үш айттыңыз. Белгісі ол дүр, күн болып енер, бөрі болып шығар,—дейді. Сонан соң Алаңқаға білдірмей үш кісі қарап тұрдылар. Ол үш кісінің аттары: бірі—Қыпшақ, екіншісі—Кілмұхаммед, үшіншісі—Ораж деген ерді. Бұл кісілер қарап тұрдылар, ирсә, таң уақыты болғанда, суаттан күн енді, көрділер, ирсә, еслері кетті. Бұлар бірнешеден соң есін жиып алдылар. Бір-бірінен сұрайдылар: «Баяғы күн болып енген не ерді? Келіңіз, бізлер есірген кісі тік болып отырғанша, жайларымызды шегелік, бөрі болса, шығар»,—дейді. Андин соң не тұра салып жалдан шықтылар, көреділер, жылқы жалы кебек болып бөрі шыға келді. Артына қарап «Шыңғыз», «Шыңғыз»—деп ауаз берді. Орман ішіне енді. Бұны бұ үш кісі әшкере көріп, білділер. Бұлар және барып Боданжар, Қиғынжар, Салжұтқа айттылар. Олар бұ үш кісіден естіген соң: «Боласы болар, болмай қалмас, біздің өшімізді алмас»,—дейділер. Андин соң Алаңқа, көзін жарып бір ер ұғлан тұғды, алтын айдарлық, иығында— миһырлы. Ол миһырде—Жебірейіл періштенің аты ерді. Өзі бөрі иықты, Жәбірейіл көрікті жүзін көрген: «артынан өлейін» дер ерді. Қасында отырғандар майдай еріп, тағы «атым сенікі олсын» дер ерді. Андин соң Шыңғыз өсті, ұлғайды, халыққа әділдар қылып, пайдалық болды. Халық ұлы оны сүйіп, о көп Шыңғызға ере бастады. Шыңғызды «ғайт жақсы ханның хасби баласы» деп мақтарлар еді. Ағалары Боданжар, Қиғынжар, Салжұт бұ Шыңғызды көре алмас болып күнделер еді. Тағы айтты: «Көріңлер емді нөкерлеріміз, халқымыз ойнастан туған ұлға әуейі болдылар, емді аны өлтірейік, жоқ, ирсә, тимеспіз»,—дейділер. Андин соң ұш ұғыл кеңес етіп, бір күн жиылып келділер, халыққа жар салып: