Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шыңғыз хан шежіресі (8-бөлім)

Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу

—Әй, ханым! Қоңырат бидің қыз қарындасы Бөрте қошын жасырыпты,—дейділер. Сонда хан айтты:

—Барыңдар, оны мұнда келтіріңдер,—дейді. Рауаноқ барып Бөрте қошынға:

—Тез сені хан шақыра дүр,—дейділер. Ирсә, анда Бөрте қошын бұл сөзді естіп, айтты:

—Қош, барайын,—деп, тұра салып, сырт кіші тонын желбегей, бір ала жібек бешпетті оның үсіге, бір қара түлкі бөркі бар ерді, басына киді. Тағы ол жасырып қалған төрт ұғылды өзібірлен бірге алып барды. Қайсысы он жасар, қайсысы он үш жасар, қайсысы он төрт жасар болып, ғайт көріклі еді әма Бөрте қошын өзі дәһи олардан бек артық көріклі, андақ сұлу кісіні ол заманда еш кісі көрміш жоқ, ол Тәңірінің құдіретібірлен пайда болып, қырық құлаш шашы бар еді. Ол шашын алтын табаққа салып, артынан екі даясы тарар ерді. Сонда халық ұғылы көріп:

—Әй, Бөрте қошын, бұ Қыдыр сипатты көріклі кісісің, не үшін бұндай іс қылдың?—дейді,—ұғылдарды жасырып, ұры болдың,—дейділер.

Анда Бөрте қошын аналарға:

—Әй, халық ұғылы! бен сізге не іс қылдым? Ләкин ұғыры болдым, ханға ұғыры болдым,—деп жауап берер ерді. Бұндин соң Бөрте қошын ұғылдардың біреуін Шыңғыз ханға алып келділер. Хан тағы мұның көркін, ұзын шашыны көріп таңға қалды. Тағы:

—Бөрте қошын, не үшін бұ ұғылдарды жасырып беңа ұғыры болдың? Сонда Бөрте қошын өтініп:

—Әй, ханым! Бен сені аяған үшін жасырып, ұғыры болдым,—дейді. Шыңғыз хан оған:

—Не үшін мені аядың?—дейді. Ирсә:

—Әй, ханым! Сенің жаныңа күш болар дедім. Сонда хан:

—Менің жаныма не үшін күш болар?—деді. Бөрте қошын:

—Әй, ханым! Аның үшін Нұқ Ғалиассалам заманында Құдай Тағалла кәпірлерге қаһар қылып, топан суды жіберді. Кәпірлерді топан суына батырып, жоқ қылды. Тағы ол топанда жандының еркегі уә ұрғашы нәсілдеріне келмесін деп, Нұқ Ғалиассаламның кемесінде құтқарып азат қылды. Хан болсаң да Тәңірінің құлы дегаймын, арсылан, киік ергеш аса секіріп артындағыға қайта алмай азат қылар. Әй, ханым! Сен адамсың, бені тағы бұ ұғылдарды азат қылғайсың? Зира ол ашықжабық жаман қырғында бұлардың қадірін білмей өлтірер деп, нәсілдері, ұрықтары кесілмес үшін жасырып қалдым,—дейді. Сонда Шыңғыз хан айтты:

—Һай, сенің жақсы сөзің тағы теңіздей жақсы көңілің үшін жүз мың өлімнен азат болыңдар,—дейді. Шыңғыз хан енді:

—Әй, Бөрте қошын, көңіліңді қалдырмайын, өзіңді бенен айырмағыл,—дейді. Анда Бөрте қошын оған:

—Қош, сізлер бені сүйсеңіз, мен сізникімін,—дегенде, Шыңғыз ханның көңілі ериді. Екеуі бір-біріне құп адал жәфәт болып, халайыққа ұлық той қылдылар. Бұ фәни дүниеден озды дейді. Және шолкім Шыңғыз ханның Бөрте қошыннан төрт ұғылы олды. Ұлық ұғылы—Жошы хан, екінші—Жыдай хан (Шағатай), үшіншісі—Керей, Төртіншісі—Толы хан ерділер. Андин Шыңғыз хан жақсы оғдылар қылмақбірлен еді, нәсілі ол ләшкерлерібірлән жүріп ұрысып, көп ханларыны, ордаларыны бақтұрып, тағы аты, шөбі, дүния әшре толғай еді.

Андин соң Шыңғыз хан өздерін ізлей барған билерге, тағы өзге билерге әр бірісіне орын, мақам, тағын белгі қылып, ел, күн сұрағақ берді. Тағы барша үшбу билерінің өзді-өзіне тамға, құс, ағаш, ұрандар беріп, бөлек-бөлек халық қылып айырды.

Әуелі бастап Боданжарұғылы Қиятқа айтты: «Сенің ағашың—қарағай болсын, құсың—сұңқар, ұраның—арухан, тамғаң—ашамай, яғни өрне тамға болсын»,—деді.

Хан, Қоңырат би ұғылы Нескілеге айтты: «Сенің ағашың— алма ағаш, құсың—лашын, ұраның—қоңырат, тамғаң—ай тамға болсын»,—деді. Бұл елдерде жарым ай сипатында да жортылады дүр.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз