Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шыңғыз хан шежіресі (10-бөлім)

Шежірелік аңыздар · 2 мин оқу

Шыңғыз хан бұ билерінің тамамын көз үстінде қасдай көріп, әшірә-әшірат өзара дүниесіне қуанып, патшалыққа мәзрүр мәшқұл иле һәрдайым тамаша қылар ерді. Күнлерде бір күн Шыңғыз хан ұғыланлары, билерібірлен ау аулай шығып, жүргендерінде жолбарыс деген киікті көрділер. Һәрбірі оқтарын жаға кездестіріп қойдылар. Үй қарны ашур дейлар, һешбірі жете алмай, ақыр бір үш кісі қуып, жеткендерінде жолбарысны атып жықтылар. Аналарының бірі Қоңырат батырның ұғылы Сынале, екіншісі—мың садақлы Ордаж, үшіншісі— Тамиян ерді. Бұ үш кісі жолбарысыны өлтіріп, Шыңғыз ханға келтірділер. Хан бұларының о сол ерліктерін көріп, таңға қалды. Һәр қайсысына міңер теңге алапа беріп (ғалфе), һәр жерде бұларының ерліктерін сөйлер ерді.

Және күнлерде бір күн билерібірлен ауға шығып жүргенде, жапанда бір киікні көріп, қудылар. Біржан биінің бір жүгірік аты бар ерді. Жүгіргенде андағ ерді: бұланды жетіп бүйірден тұтарды. Біржан би киікні тегінде атып жығып, хан алдына келтірді. Хан аңга даһи иллас теңге алапа беріп, һәр күн андағ зоуық сыпа қылурлы ерді.

Және даһи бір күн Шыңғыз хан аналарға:

—Әй, билерім! Барыңдар, құс аулап келтіріңдер!—деп, жіберді. Билер даһи һәрбірісі құсларын алып шығып, құс аулап келтірділер. Қият сұңқар құспенен аққуны алдырды, Сынала лашынбірлен тырна алдырды, Ордаж қаршығабірлән қаз алдырды, Тамиян қырғибірлән бөдене алдырды, һәрбір құсты құспенен алдырған құстарын Шыңғыз ханға алып келіп, алдыға салдылар. Хан бұ құстарды көріп һәрқайсысына миңир теңге алапа ама Қиятқа, Сыналаға, Ордажға, Тамиянға екшар мың теңге алапа берді. Андан соң Шыңғыз хан Киндоның ұлық ұғылы Жошыны: «Асыл, мал анда табар, алтын-күміс көп дүр, жұрті кең дүр»,—деп, Тирміз ордасына ханлыққа қойды. Екінші ұғылы Жыдайыны: «Ел, ұлыс, түмен, түрлі халық анда болар, ұлы жұрт дүр»,—деп һиндыстан ордасына ханлыққа қойды. Үшінші ұғылы Керейіні: «Ер киер сауыты, ер құшанар қылышы көп дүр, асылзада халық дүр»,—деп, Корал ордасына ханлыққа қойды. Тағы төртінші ұғылы Толыбині; «Халқы рақымды, ер жұрт. Ер киер шұғасы, атласы, торқасы көп дүр, ашқаты, аштатлу таймас ұлы жұрт дүр,—деп, Мыкуо ордасына ханлыққа қойып, үшбу айтылған һәрбір ордаларыны халқыбірлән аналарға үлесіп берді. Емді ол шаһарлердегі ханларының асыл бұлардан дүр. Білгейсіз қу, Шыңғыз хан тарихи һижырадан соң бес жүз қырық тоғызыншы жылда тоңғоз жылы ерді, зи һәжжи айында анадан тұғды, жетпіс екі жыл ғұмыр сүріп, он үш жасында ханлыққа олтырды. Елу тоғыз жыл ханлық сүріп, жетпіс екі жастан соң тоңғоз жылында мүбәрак рамазан айының он төртінші күні, тарих алты жүз жиырма төртте дүниядан өтті. Шыңғыз ханның туған шаһары, отырған жұрты Қытай ерді.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз