Шыңғыз хан шежіресі (5-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
—Шыңғызды өлтіреміз,—дейділер.
Анда халық ұғылы:
—Һай, Шыңғыз, сіз үшеуіңізден жұртқа лайық, пайдалық дүр, Бұ Шыңғызды сіздерге өлтіруге бермейміз, агар мал үлесіп алар болсаңыз, атаңыздың малын алыңыз, жоқ, ирсә, аның үшін біз өлішсіз,—дейділер.
Анда бұ үшеуі халық ұғылынан бұ сөзді естігеннен соң қорқып, нәрсе қыла алмай әма көңілдерін айтты: «Халық ұлы бұ Шыңғызға барыпты, мұны белгілі өлтіріп болмас, белгісіз, халыққа білдірмей өлтіреміз»,—дейділер. Андин: «қош, атамыздың қалған малын үлесіп алармыз» деп, аталарының қалған малын алдылар. Әммә Дойынбаянның бір алтын садағы бар еді, бағасын таппай, үлеспей қалдыр дейділер. «Енді анамыз кімге берсе, бұ садақты сол алсын»,—дейділер. Үлестеріне тиген малды алған соң садақты алып анасы Алаңқаға келділер. Тағы:
—Әй, анамыз! Сіз кімге жарылқап, хандық бұйырсаңыз, бұ садақты ол ұғылың алсын,—дейділер.
Сонда Алаңқа айтты:
—Аһ, әй, балаларым, өз жұртын жамандаған, өзге жұртты сүйуші болар, өз анасын жамандаған, жат дұшпанға тұтқын болар, өз кісісін жамандаған, жат дұшпанға қор болар, сіз шұмлар менің сөзімді тұтармысыз?—дейді. Ол үшеуі: «бәлі, қош, тұтармыз» дейділер.
—Емді сізлер бенің сөзімді тұтар болсаңыз, терезеден түскен күнге (қояшқа) құтылы фотаңызды салыңыз, әгар қайсысыңыздың фотасы ілініп тоқтаса, ол ұғылым хан болсын, тағы бұ алтын садақты һам ол алсын,—дейді.
Ирсә, Алаңқаның бұ сөзіні аналар қош көрділер. Беллеріне дейін алтынды садақты салып бақтылар, үшеуінің фотасы ілінбеді, мигир Шыңғыз ханның жәпек фотасы бар еді, ол һам салды, соның фотасы ілініп тоқтады. Аналар бұ істі көріп таңға қалдылар, тағы ашуландылар: «Біздің бұ анамыз Алаңқа жады ерміш, көзімізді бағлады»,—деп, көңілдеріне жаман алып кеттілер. Әма һәр дәйім Шыңғызны өлтірмек қысасымен жүрділер. Андин соң бұ жас ұғыл Шыңғыз: «Бұ ағаларым неге дұшпан болдылар, шынымен мені өлтірер»,—деп, басынан қорқып,—«қазақ» болып шығып кетейін,—деп кеңес айтты. Екі-үш жігіт ертіп өзінің анасы Алаңқаға келді, айтты:
—Әй, анам, емді бұ жерден, бұ жұрттан кетермін, үшбу Текелік суының басында Көргөрган деген Қаратау бар дүр, ол тауда мақам жұрт тұтармын, құс, құрт аулармын, ол аулап алған құстардың жүнін жұлып суға жіберермін, біздің тірлігімізді ол құстың жүндерінен білгейсіз, аю ақыртармын, арсылан жүгіртермін, әркім мені іздей, сұрай барса, мұндын білсінлер,—дейді. Өздері кетті, аналары жылай-жылай қалды. Ертеңгісін халық ұғылы көрінуге келеділер. Ирсә, Шыңғызны көрмейділер, тағы: «ханымыз қайда?» деп сұрап, іздейді. Еш таба алмайдылар, шулап жыластылар. Соң Алаңқадан сұрайдылар, ол һам айтпады. Тағы Шыңғыз хан қазаққа шығып кеткен соң, ағалары Боданжар, Қиғынжар Салжұт халық ұғылына залым күш еттілер. Ол халық ұғылы шыдамай Алаңқаға келіп:
—Әй, Алаңқа, ол ұғылың Шыңғызны бізге көргізбей жанымызды алған болсаңшы, енді не үшін көрсетіп жанымызды алдың? Уәй, Алаңқа, Шыңғыз ханымыздың хабарын біздерге айтқыл,—деп шулап, жыласты.—Біздер оны іздей барамыз,— дейділер.
—А, әй, халық ұғылы, ондақ болсаңыз, ұлым Шыңғызны сұрасаңыз, ертебірлән бес-алты жақсы лайық кісілер келіңіз, аналарға жолдың ізін көрсетейін,—дейді. Онан соң ертеменен алты руғының лайық кісілері келіп:
—Жол қайда?—деп сұрайдылар. Алаңқа:
—Қош, емді, сол Текелік суды бағып тұрыңыз, хабары келер,—дейділер. Бұлар су жағасына барып, бағып тұрдылар, еш нәрсе көрмейділер, мигир құм-құм құс жүнін көрділер және қайтып Алаңқаға келділер. Алаңқа сұрады: