Шыңғыз хан шежіресі (6-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
—Не көрдіңіз?—деп. Аналар:
—Еш нәрсе көрмедік, мигир бір-бір қауым құс жүнін көрдік,—дейділер. Алаңқа айтты:
—Һай, біліңлер, емді менің ұғылым Шыңғызның хабары ол дүр,—дейді. Үшбу Текелік суын қыдырып ізлеңіздер, Текелік суының басындағы Көргөрлен деген Қаратаудың басында бес-алты ағаш болар, ол сол жерде мақам тұтармын деген ерді. Емді сол жөндерді іздеп барыңыз әма Текелік суының екі қыры жолсыз, ол дүр күндіз тасып қабағынан асар, кеште сабасына түсер,—дейді. Және Алаңқа айтты:
—Сіздер ол жерге барып жетіп, қаһарына жолықсаңыз, көрсеңіз: «Сіздер бұнда не кісілер?»—деп сұрағанда «Дойынбаян» дегейсіз. Әма ұлым Шыңғыздың түсі, нышаны ол дүр: ақ тонлы, көк алтын бөріклі, жүзі ғайт көріклі, алтын садақты, ер шырайлы, Жәбірейілдей сипатты дүр, атын қамшыласа, ғайып болғандак дүр, андин оны білгейсіз,—дейді. Әма Шыңғыз ханды іздей барған беклердің аттары, есімдері бұлар дүр: Үйсін Майқы би, екінші—Қалдар би, үшінші—Ордаж би, төртінші—Қыпшақ би, Бесінші—Тайман би, алтыншысы— Керейіт би, жетіншісі—Бортақ би, сегізіншісі—Темірқұтлық би, тоғызыншы—Мотиян би, оныншысы—Таңғұт би ерділер. Бұл он бек Шыңғыз ханды сүйіп, кеңес қылып, оны іздемек қысасынан болдылар. Әма төрт бек Шыңғыз ханды іздемекке ұнамайтын: «Қолдағы ханымызды қорлап, алыстан іздемекке бос дүр»,—дейділер. Солардың бірі—Қоңырат би, екіншісі— Қытай би, үшіншісі—Салжұт би, төртіншісі—Қият би ерділер. Әма бұлардан Қытай, Салжұт, Қият үшеуі халық ұғылы билері ерділер. Қоңырат би олардың ишаншылы, кеңесшісі болып, Шыңғыз ханды ізлемекке бармады. Шоныки бұ айтылған он кісі Қоңыратқа қарамай кеттілер. Әма бұлардан Үйсін Майқы би өзгелерге білдірмей, Алаңқадан бір миһырлы жүзігін алды, онан соң Текелік суын қыдырып кетіп, үш айда барып жетті.
Бұ үшеуі Қая тағына бекініп қарайдылар, орталарында ақ сарай, бір көк сарай көрділер және қайтып аз ғана келділер. Ол сарайға енбей, анда бір тау бар ерді, ол таудың қабағында жаттылар. Біраз ғана тұрып һеш нәрсе нышан білмеділер. Агар біраз ғанадан соң қарға шақырған, кісі сөйлегендек бір ауаз келді. Қарап тұрып бақтылар біраз кісілер келіп дүр, «жолдары жаңа, жол шығып жатыр, сол таудың қабағында, бері келмеген ұқсай дүр»,—дейділер. Әма бұлардың ауаздарын естіп: «бұлар ненің ауаздары?» депті. Ол күн еш нәрсе білмей, ертеңгісін аю ақырды, арсылан қышқырды. Білді, Шыңғыз хан аулай-аулай шықты. Ол ауазды естігеш, жүгірісіп бардылар. Көрділер, бір көк атлы, ақ тонлы, алтын бөріклі, алтын садақлы, ер шырайлы, Жәбірейілдей көріклі Шыңғызны білділер.
Анда ол келген Шыңғыз айтты:
—Кімлерсіз, не іздеп жүсіңдер?—дейді.
Бұлар айттылар:
—Дойын, Дойын,—деп. Бұлардан бұ сөзді естігеннен соң ғайып болды. Бұлар және жыласып қайтып, ол кеш және қайғырысып жаттылар. Андин және болды, ирсә, ауаз бірдән шақырып отырған «Тұтлық», «Ақтайлақ»—деп, соңыра еш нәрсе ауаз келмеді. Андин және екі-үш күн жатты. Және бір күн аю ақырды, арсылан қышқырды. Білділер: «Шыңғыз дүр ау аулай шықты» деп, сүйінісіп және барып көрселер, ол сол кісінің өзі дүр. Сонан соң бұларға Шыңғыз хан:
—Һай, сізлер келерсіз, Һәрдәйім бізні іздеп жүрсіздер,— дейділер. Бұлар «Дойын», «Дойын»—деп, жыласып тұрды. Бұлар бұлай жылағанға Шыңғыз хан өзі жылап және аналарға:
—Һәй, сіз не үшін бұнда келдің?—деп сұрады.
Бұлар айтты:
—Сенің артыңда аулайык деп жүрміз. Анда Шыңғыз хан айтты: