Шыңғыз хан шежіресі (9-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Үйсін Майқы би, сенің ағашың—қара ағаш, құсың—қара құс, ұраның—салауат, тамғаң—сірге болсын»,—дейді. Бұ елдерде соңғы да мақбұл, қазақта бұ тамға төре тамға деп жорытылады.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, мың садақлы Ораж би, яғни мың түмендік андин қалды. Ораж би биғаят кісі еді. Ұрысқа шығар болса, мың садақты кісі болсын шығар еді. Соның үшін сенің ағашың—қайың, құсың—қаршыға, ұраның—алаш, тамғаң—құс қабырғасы болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Тайман би, сенің ағашың— терек, құсың—қырғи, ұраның—тотия, тамғаң—арғақ болсын»,—дейді.
Сонан соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Қыпшақ би, сенің ағашың—қараме, құсың—бүркіт, ұраның—тоқсаба, тамғаң— тарақ болсын»,—дейді.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Юрматы би, сенің ағашың—үйеңкі, құсың—ителгі, ұраның—ақтайлақ, тамғаң— сенек-айыры болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Керейіт би, сенің ағашың— жөке, құсың—қаз, ұраның—арбор, тамғаң—көр тамға болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «әй, Мотиян би! Сенің ағашың— милеш, құсың—тырна, ұраның—байқоңырат, тамғаң—құйысқан болсын»,—дейді.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Боржын би, сенің ағашың—емен, құсың—күшіген, ұраның—ақтоған, тамғаң— жағалбай болсын»,—дейді.
Онан соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Борқыт би, сенің ағашың—жықан, құсың—һодһод, ұраның—борож, тамғаң—һамзе болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Қиғынжар ұғылы Қият, сенің ағашың—артиш, құсың—қауыт, ұраның—тайлақ, тамғаң —сыро болсын»,—дейді.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Қалдар би, сенің ағашың—сандал, құсың—көгершін, ұраның—арнау, тамғаң— шөміш болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Салжұт би, сенің ағашың— көброх, құсың—койка, ұраның—барлас, тамғаң—үй тамға болсын»,—дейді.
Онан соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Темірқұтлық, сен құарақшыдан байлығың көп, мал бермегіңбірлен билік таптың. Сенің ағашың—жирек, құсың—сауысқан, ұраның—табан, тамғаң—жарым тарақ болсын»,—дейді.
Әмә Шыңғыз ханның өз ұраны—жанықпа еді. Шыңғыз хан үшбу етілген билерді әр бірісін ләшкер (әскер) басы қылып орда алғалы жібереді.
Ама ол ұлық шиырларда халық ұғылы бір-бірін орынды ұраныбірлен табар ерділер. Емді барша ұранларының атлары бұнылар дүр: әуелі хан ұраны—жанықпа, андин соң билердің ұрандары: аружан, қоңырат, салауат, тотия, тоқсаба, ақтайлақ, арбот, байқоңырат, аққоған, бороһ, тайлақ, арнау, барлас, табан және мағұлым Шығыз хан киік аулауға шығар болса, үшбу айтылған билеріні һәрдайым құстары бірлен алып шығар еді. Енді ол құстардың аттарын жамиһ қылып, баршасын айталық. Әуелі Шыңғыз ханның өз құсы—бас қарақас ерді, өзге билерінің—сұңқар, лашын, қара құс, қаршыға, қырғи, бүркіт, ителгі, қаз, тырна, күшіген, һодһод, көгершін, койка, сауысқан ерді. Және Шыңғыз ханның ағашы шынар ерді. Өзге билерінің ағашы—қарағай, алма ағаш, қарағаш, қайың, терек, қарама, үйеңкі, жөке, милеш, емен, шаған, артиш, сандал, көбырож, жирік ерді. Және мағұлым, ол хакиім Шыңғыз ханның өз тамғасы—құс басы ерді.
Және маұлым, ол хакиім Шыңғыз хан бұ айтылған билерінің һәрбірісіне ұрысқа лайық бірер сауыт берді. Ғибетлемек үшін Шыңғыз ханның өз сауыты—боян деген ерді. Ұлық ұғылы Жошының—қаратау деген ерді, екінші ұғылы Жадайдың— алтын сандық ерді, үшінші ұғылы Керейінің—бектарын ерді.
Андин соң Шыңғыз хан билерінің һәрбірісіне сауыт берді. Әуелі Боданжарұғылы Қиятқа—ғақала деген сауытты берді, қоңыратқа—айқолтық дегенді берді, Майқыға—сифр дегенді, Ордажға—шөжекөз дегенді, Тамиянға—көйлексе дегенді, Қыпшаққа—көкиқа дегенді, Юурматқа—көйлексе дегенді, Бөржінге—құмғаш дегенді, Борқытқа—көрлауыж дегенді, Қиғынжарұғылы Қиятқа—бізқалпақ дегенді, Қалдарға—шықтұрған дегенді, Салжұтқа—құйыршақ дегенді, Темірқұтлыққа—бұзаубас деген сауытты берді, енді үшбу сауыттарды жамиһ қылып айталық: боян, қаратау, алтын сандық, айқолтық, сфир, жөжекөз, көйлекше, көкиқа, он қырыш, үйлмеқаты, қабақ, құмғаш, көрлауыж, бізқалпақ, шықтұрған, құйыршақ, бұзаубас ерділер.