Шыңғыз хан шежіресі (7-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
—Һәй, сізді бұнда келерге кім үгіретті? Бұлар айттылар:
—Бізге рақым қылып сойғап, анаңыз Алаңқа үгіретті. Анда Шыңғыз хан:
—Емді алай болса, қане, менің анамның бір белгісі бар ма?— деді. Өзге бектер тік тұрдылар әма Үйсін Майқы би Алаңқадан алған жүзікті қолынан шығарып үйірді. Анда Шыңғыз хан жүзікті алып бағып, Алаңқаның миһирлы жүзігін көріп, таныды. Тағы күліп айтты:
—Әй, Майқы би! Әгар бен хан болсам, биіклік сенен болсын, соның үшін, әгар сен осы миһирлы жүзікті алып келмеген болсаң, анамдин беңа бір нышан келтірмесең, мен сізлерге жоқ ердім, тағы сіз беңа еш жолдас болмас едіңіз, енді қосқа қайтып әма бұл сөзден сіз, өзге билерім, көңіліңізге жаман алмаңыз, сіздер баршаңыз менің жанымсыз. Келіңіз, емді қосқа қайтып, анда отыралық,—деді. Сарайға барды, бір жұма сонда жатып, түрлі шарапты аштылар, сөнбес шырақ, түгемес ас жеділер. Сонан соң Шыңғыз хан айтты:
—Келіңіз, емді кеңес айтып отыралы, бізді іздеп келген сіздер неше ұрық халықпенен?—дейді. Бұлар аяққа қалтып өре тұрып, тағы өтініп айттылар:
—Әй, ұлығымыз! Ханымыз! Жанымыз! Келген ұрықтан сұрасаңыз, бізлер мұнда сізді іздеп келген он кісіміз, тоғыз ұрықтан. Әма Қалдар би—жалғыз өзі дүр, анаңыз Алаңқа бізлерге қосып жіберді, лекин, Қоңырат би сізді іздей келмеге ұнамады, ол өзі тағы ұрығыбірлән сенің ағаларыңның қасында дүр, әма бізлер сенің мүбәрәк жүзіңді арзу қылып, әуел жете келдік, сізге қосылдық һам өзіміз һам барша ұрық халқымызбенен сенің қолыңыз,—дейділер. Анда Шыңғыз хан аналардан бұ сөзді естіді, ирсә, сеніп:
—Әй, беклерім, ұлықларым, бұ күннен соң сіз бенімен,— дейді. Бұлар Шыңғыз ханнан бұ сөзді естігендерінде ғайт сүйіністі, тағы емді:
—Сені бізге Тәңірі берді, аның шүкіршілігі үшін біз мініп келген аттарымызды азат жіберелі,—деп, мініп барған аттарын Шыңғыз ханы болғандығы үшін азат қылдылар. Андин соң Шыңғыз хан бұларға:
—Маған, мені неменемен елтерсіздер,—дейді. Ирсә, аналар немен алып баратынын білмей әма Қалдар би аналарға:
—Мен бір өнер шығардым,—дейді. Сонда бұлар:
—Көрсет!—дейділер, білмес ерді. Қалдар би өз ұсталығымен бір арба жасады.
—Емді арба берейін, сұраған кісіге. Ялын би ұлы Қалдар би сонда арбаны, тамам қылған соң Шыңғыз ханды арбаға өтінділер. Ирсә, Шыңғыз хан келіп арбаны қарады әма «хош қылыпсың» деп, Қалдар биді мақтады.
Сонан соң Шыңғыз хан арбаға олтырып, бұ барған билер өздері арбаны сүйрей тарттылар. Ирсә, анда Үйсін Майқы би:
—Әй, билер! Мен сіздің жайыңызға бара алман, аяғым қысқа дүр,—дейді. Аңга кәрі билер айтты:
—Нетік қыларсың? Анда Майқы би айтты:
—Мен ханнан өтінейін, рұқсат болса, ханбірлен арбаға отырып, қайыссыңыз арбаны тартсаңыз, мен соны таяқбірлен көтке түртейін,—дейді. Анда бұлар:
—Қош, алай болса, айт!—дейді билер. Сонан соң Майқы би Шыңғыз ханнан өтініп:
—Әй, ханым, аяғым қысқа дүр, арбаны тарта алман,— дейді,—әгар, рұқсат берсеңіз, сеніңбірлән бірге арбаға олтырамын,—дейді. Анда Шыңғыз хан:
—Дәһи қош, олтыр,—дейді.
Сонан соң бұ билер бірнеше күнлерден соң Шыңғыз ханды алып келіп, Алаңқаның шаһарына енді, ирсә, Алаңқаға хабар қылып, сарайға енділер. Әма Шыңғыз хан артынан қайсысы енерін білмеклерінде, Майқы би:
—Әй, ханым! Сізден соң арба тартқан өгіз енер ме? Яки оны жеккен иесі енер ме?—дейді.
Сонда Шыңғыз хан айтты:
—Иесі енбей, өгіз ене ме?—деді. Ирсә, Майқы би рауан жүгіріп еніп, ханның оң жағынан орын алды. Өзге билер және отырдылар. Ертеңгісін Шыңғыз хан төрт ұрық елдің кісісіне ұлық қырғын етіп, сол ұлық қырғында Боданжар, Қиғынжар, Салжұт тағы Қоңырат биді аман, иіріп тамамын қырып өлтірді. Әма сол уақытта Қоңырат батырдың бір қыз қарындасы болып, Бөрте қошын атты еді. ол Бөрте қошын ұлық қырғында һәләк болмасын деп төрт ұлын алып қалып, жасырын асырар ерді. Бірісі—Боданжарұғылы, екіншісі—Қиғынжарұғылы, үшіншісі—Салжұтұғылы, төртіншісі—өзінің ағасы Қоңырат би ұғылы. Бұларды ешбір кісіге білдірмес ерді. Соң халық ұғылы аңласып, тергесіп шығарар ерді. Тағы ханға барып айттылар. Шыңғыз хан ашуланып: «Кісілер не жасырған?—деп айтты. Анда тұрған билер: