Шыңғыз хан шежіресі (2-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
Ирсә, қыз айтты:
—Әй, мерген, сабыр қылғыл, мені сеңа Тәңірі берген дүр. Қашанда болса, сендікпін, мегер бірнеше күн сабыр қылғыл, құрсағымда бала бар-дүр, ләкин бұ ұғлан адамнан ермес, құяш нұрынан пайда болған дүр,—дейді. Анда Тұмауыл мерген айтты:
—Мен құрсағыңдағы балаға бақпаспын, алып жатармын, —дейді.
Ирсә, анда Ғамәлік көріклі айтты:
—Һәй, мерген, әрине мен көкте жүрген ақ сұңқар ердім, сіздің қарағай тік бойыңызға қоныппын, сен—ер кісі, мен зағиф басым бірлән көп қарсы болмаспын, әма сабыр қылып, көңілімді қалдырмасаңыз ерді,—дейді. Ирсә, Тұмауыл мерген һеш жауап айтпайынша, қызды шатырға алып кіріп, мұратынша жаттылар, ирсә, анда мерген айтты:
—Әй, Ғамәлік көріклі, бұ құрсағыңдағы ұғлан раст құяш нұрынан болған ерміш, Адамнан болса, қыз болмас, ердің тиіс жүкліклері артық болды.
Анда қыз айтты:
—Сіз меңа сенемісіз, ғұмырым ішінде өзге ерні һәм көргенім жоқ,—дейді. Өзі хикаятны бір-бір айтты.
Анда мерген айтты:
—«Өзі буаз, өзі қыз оразалы ерге тұс болды» деп, ашықлығымның себебі бұ ерді.
Андан соң қыз айтты:
—Емді, мерген, қадірімні жақсы білгіл, біліп сақлағыл,— дейді. Андан Тұмауыл мерген айтты:
—Әй, көріклі! Меңа сүймеклік себебі үшбу дүр, нышаны менің ағашым—қарағай, сұңқар құсым—шашын тарағай, тамғам—ашамай (Х).
Андан соң, бірнеше күннен соң құрсақтағы ұғлан туғды, ирсә, атын Тәңір берген дойынлық дүр деп, «Дойынбаян» деп атадылар. Бірнеше күннен соң Тұмауыл мерген ата жұртына барып, хан болып олтырды. Андан соң Ғамәлік көрікліден тағы да екі ұғыл болды. Бірісін—Бұданатай, бірісін Белгұдай атады. Сол екі ұғыл туғаннан соң Ғамәлік көріклі биғайт көңілі пәришан болып, қайғылы болды.
Анда Тұмауыл мерген айтты:
—Әй, Ғамәлік көріклі, халық ұғыр табып сүйіншілер, сен не үшін ұғыл тауып қайғылы болдың?
Анда Ғамәлік көріклі айтты:
—Мен бұрынғы ұғлым Дойынбаян үшін қайғырармын, бұрынғылар айтқан ерміш: «Құланға ерген шешекке аунар, доңызға ерген балшыққа аунар», сен хан өкілісің, жұртқа лайық өкілсің, халны білмессіздер, көпті малға тоймассыздар. Бұданатай, Белгұдай жұртқа лайық ермеслер, «арыслан баласы мен едім, сеңа келіп не көрдім»,—дейді.
Ирсә, хан Тұмауыл айтты:
—Қош, не айтмақ қоясың?—дейді.
Ғамәлік көріклі айтты:
—Дүниеден өтсек, жұртыңды ұғылларың Бұданатай, Белгұдай билер, менің құяш нұрынан болған ұғлымның халі нешік болар? Аның үшін қайғырармын,—дейді.—Емді бұ екі ұғлымыз Бұданатай, Белгұдайды қалмаққа жіберелі,—дейді. Андан соң Тұмауыл мерген екі ұғлын—Бұданатай, Белгұдайды қалмаққа ханлыққа жіберді. Дахи екісіне жеті шар нөкер қосты, олар қалмақта жұрт тұттылар. Екісі бір жерде тұрдылар. Емді қалмақ төрелерінің асылы Бұданатай, Белгұдайдан тұрар. Дахиде ол Бұданатай, Белгұдай кеткеннен соң Дойынбаянға қыз алдылар. Алтын хан нәсілінен жеті сұлтан бар ерді, кішісі Төгіл деген ерді. Аның қызы Алаңқаны Дойынбаянға алдылар. Дахиде ол Алаңқадан үш ұғыл туды. Бірінің аты—Боданжар, екіншісі—Қиғынжар, үшіншісі—Салжұт ерділер. Емді Қият ханның аруағы Салжұт ханнан тұрар. Емді Тұмауыл мерген игырма жыл ханлық сүрді. Андан соң Дойынбаян он тоғыз жыл ғұмыр ханлық сүрді. Андан соң Дойынбаян өзі өлерінден бұрын үш күн халықны, беклерні жиып:
—А, әй, а, қалтақ халық ұғлы біліңлер, өлімнен һеш құтылмас жоқ ерміш. Ажал жетіп келсе, дәру-дәрман болмас ерміш. Мен алған қатыным Алаңқа бірле өлермін деген ердім, емді ажал ерішті, мен өлермін, сізлер қаласыз, емді сізге, әй, халық ұғлы, өсиетім сөзім болсын, бұ бенен туған үш ұғыл Боданжар, Қиғынжар, Салжұт—бұлар жұрт тұтпаққа жақсы ерлер ермізлер, емді және әй, халық ұғылы, мен өлген соң қатыным Алаңқаға түс болып енермін, анда жұртқа лайық жақсы ұғыл пайда болса һам және әй, халық ұлы, оны күткейсіз және белгім ол болсын, мен өлгеннен соң күн болып енермін, бөрі болып шығармын, сонан білгейсіз,—дейді. Бұ сөздерді халыққа өсиет қылған соң, Дойынбаян дүниеден өтті әма Дойынбаян дүниеден өткен соң қалмақтағы екі інісі Бұданатай, Белгұдай естиді.