Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі (10-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Хан айтты: «Осы болса шын көңіліңіз,
Айтайын және бір сөз тыңлаңыз сіз.
Мал-жанды, қатын-бала мұнда тастап,
Қалмаққа барар болсақ аттанып біз.

Барған соң ұрысармыз қанша жүріп,
Арықтап аттарымыз қалар тұрып.
Қосынның өзінен һәм қуат кетер,
Апарған азықтар да тез таусылып.

Қалмақтар елі жақын болғаны үшін,
Бұлардың кемдік қылмас ешбірісін.
Тағы да бұрынғыдай жеңілерміз,
Артынан тұрғандықтан беріп күшін.

Бір қиял өз көңіліме тұрар келіп,
Оны да білдірейін хабар беріп.
Егер де осы түрлі жұмыс қылсақ,
Қашырсақ ажап емес, жауды жеңіп.

Бұл жерден халқымызбен жүрсек көшіп,
Бір жүрсе қатын-бала біргелесіп.
Қашқанда мал-жанымыз қалады деп,
Аянбай ұрысар еді жаннан кешіп.

Қосынның арықтаса мінген аты,
Таусылып азық-түлік, қаражаты.
Артында жақын жерде жүргені үшін
Жеткізіп тұрар еді беріп халқы.

Отырған адамсыздар сіздер үш жүз
Әрбірің бір рудың кәттасы сіз.
Көшкенде үш жерменен жүрсеңіздер,
Бөлініп ынтымақпен үш жүзіңіз.

Әрбірі өз бетімен барып тұрса,
Аянбай дұшпандарға ұрыс қылса.
Артында көшкен елі жақын жүріп,
Керекті ат-азығын беріп тұрса.

Жүзбенен ортадағы өзім жүріп,
Отырсам екі жақтан хабар біліп.
Қонысты дұшпандардан ала алмаспыз,
Осындай ұрыспасақ ақыл қылып.

Дұшпанды ұрысқанда алсақ барып,
Орнасақ ата-жұртқа қайтып барып.
Әрбірі ашып алған өз жеріменен
Отырса мекен етіп қарар алып».

Барша халық хан аузынан мұны есітті,
Қуанып, құрсанттығы әбден өтті.
Үш жүзі үш бөлініп жүрмек болды
Ханының айтқан сөзін қабыл етті.

Бөлінген бір жүзінің үшбу халқы:
Жалайыр, Үйсін, Ойсыл һәм Дулаты.
Сарыүйсін, Ойық, Албан, Суан,
Шанышқылы, Қаңлы, Тілек, Сіргелі аты.

Бір жүзі: Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат
Тарақты, Керей, Уақ қойылған ат.
Ішінде және қанша адамдар бар,
Әрбірі ру болған осы сипат.

Бір жүзі: Байұлы, Алшын, Табын, Тама,
Шөмекей, Есентемір, Әлім жана.
Рамадан, Жағалбайлы, Жаппас, Тілеу,
Қосылды осы жүзге бәрі һамма.

Әрбірі өз алдына бір мал сойып,
Бір жерге уәде қылды сөзін қойып.
Мұнан соң ынтымақ қып жүрмек болды,
Туғандай бір атадан бірге болып.

Сол жерден үш жүз адам үш бөлінді,
Біреуі жоғарымен шетте жүрді.
Ол ру жоғарымен жүрген үшін,
Ат қойып «Ұлы жүз» деп айтылар-ды.

Ортамен жүргені үшін біреуі аның
Аталып «Орта жүздің» қойды намын.
Төменнен бір руы жүргендіктен,
Олардың «Кіші жүз» деп айтар бәрін.

Ұлы жүз аты айтылған жалайыр-ды,
Өзіне ноқта ағасы оны қылды.
Тарақты орта жүздің руына
Болды деп ноқта ағасы айтылынды.

Кіші жүз руының төлеу бірі
Сөйлесіп ноқта ағасы қылды мұны.
Қазаққа әуелінде осы дейдүр
Үш жүздің баласы деп айтқан түрі.

Хан өзі Орта жүзді қасына ертті,
Ұлы жүз бір баласын бастық етті.
Кіші жүз бір баласын хан көтеріп,
Үшеуі үш жерменен жүріп кетті.

Ұлы жүз Самарқан пен Тәшкен барып,
Бір жағын Алатаудың бетіне алып,
Қалмақтың халқымен ұрыс етті,
Тұрмастан жанын сақтап еш аянып.

Орта жүз Қаратаудан келіп асты,
Қалмаққа жерін алған ұшырасты.
Бір мәрте өлімді ойлап, жүзін бұрмай,
Алдына кез келген шауып, шанысты.

Кіші жүз Сарқұдаңнан өтіп келді,
Бертінде мажар менен башқұрт еді.
Ілгергі ар-намысы көңіліне еніп,
Аянып жүз қайтармай ұрысқа енді.

Алаша болған үшін қазақ ханы,
Ұрыста ұран қылып айтты аны.
Мұндан соң бүтін қазақ болған істе,
Айтылар Алаш болып рулары.

Қалмақтарды қазақтардың сұсы басты,
Алдына кез келгенін шауып, шанышты.
Ұрысып ешбіреуі қарсы тұрмай,
Орнынан көтеріліп, бәрі қашты.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз