Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шежіре-дастан (3-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 2 мин оқу

Қозғайын ел алдаған Орысты енді (Егізек)
Орыстан Жангелді мен Мырзаштары.
Жангелді деп Ақша мен Сұлтанқұл боп,
Осылай екі руға бөлінеді.
Келейін енді, міне, Сұлтанқұлға,
Ауыл боп өсіп-өнген әрбір тұлға.
Әр сөзді сарасына салған кезде
Шығады айқындап сай мен жылға.

Сұлтанқұл: Ұзақ, Төлек, Назар, Тайлақ,
Ер болған Ұзақ батыр қудай жайнап.
Күнбатыс, күнбатыстың арасынан
Бас пенен мал жинаған күн-түн айдап.

Келейін енді аяңдап төрт Ақшаға
Төрт ұлға қара қазан, ортақ саба.
Есдәулет, Бекболат пен Байбұғасы,
Тайбұғасы тағы бар төрт бақшаға.

Мұраттың екінші ұлы—Қараменді
Тосқауыл сөз қалмайды кемеңгерге.
Дейді екен: Жапал, Тана, Мүлік, Тілеу
Төрт ұл бар бұл кісінің көлемінде.

Мұраттың үшінші ұлы—Әбен деген,
Адамның бір қызығы бала деген.
Әбеннің аты шықпай қалып қойып,
Шеткірек көрінеді шежіреден.

Мұраттың төртінші ұлы Әбсүгір деп,
Шешейін соның түбін мен түгендеп.
Тоқсейіт пен Бесқара деген ұл бар,
Таралған Тоқсейіттен тоғыз ұл бар.

Әйелін Қарабектің Әбсүгір ап,
Арғынбай кеткен екен соған ұл боп.
Арғынбай Әбсүгірге іште кеткен,
Арада айта берсе әңгіме көп.
Қарабек бесінші кенже бабам,
Атасын талдап айтам, келсе шамам.
Алшынбай, Бабаназар екі ұлы бар
Көпшілік кешіре гөр болса қатам.
Азырақ шежіреден жазып қойдым,
Көпшілік бүгінгіше болды тамам.

Жалғайын халім келсе Байтөкейді
Демеңдер бәрін айтып түгендейді.
Елтінді, Қабыланды деп екі бала
Тел өсіп, бауырынан тел түлейді.

Алдияр мен Аққабақ, Елшібек-ті,
Қабыланды осы үш ұлға тәуба депті.
Баласы Елтіндінің өле беріп,
Сарғайып алпыс-жетпіс жасқа кепті.

Әйелі екіқабат қартайғанда,
Тоғыз ай, он күнін түгендепті.
Ұрпақтан үміт үзіп жүргенінде
Іңгәлап дүниеге бір ұл кепті.

Сүйінші сұрап барған ағайынға
«Менің балам емес ол молланікі»,
Деп атамыз маңына жолатпапты.
«Ендеше Молақ болсын баласы» деп
Молақ деп нәрестеге ат қойыпты.

Міне, осылай өткен ғой дүние жалған
Алланың бермесін кім тартып алған?
«Ер ұланда шығар-шықпас жаны бар» деп,
Айтылған аталы сөз көптен қалған.
«Молақ жалғыз өмірде болмасын» деп,
Елшібекті еншілес етіп алған.

Ары қарай таратайын Аққабақты
Айтқаны үлкендердің есте қапты.
Бас иіп бір Аллаға сиынайын,
Тербетіп білгенімше әруақты.

Ұқса кейінгі ұрпақ айта жүрер
Шежіре Сатан деген шалдан қапты.
Аққабақтан Құдайберді, Сатай ғана
Бітіпті маңдайына екі бала.

Құдайберді момындау шаруа болып,
Сатай ер жетіпті болып дара.
Бес әйел алған екен Сатай атам,
Көріпті бесеуінен тоғыз бала.

Қойекеден: Абылай, Көпіс,
Бектемір (Сарман) туған,
Бір бала батырлықпен олжа алған.
Қарабатыр қойыпты оның атын,
Осымен Қойекенің төрт ұлы болған.
Екінші әйелінен: Досқұл, Мәуке,
Таутан өліп кетіп үшінші әйел
Жетімқозы атамыз содан қалар.

Төртінші әйелінен Ақылбек атам
Үлкендер қабыл болсын берген батаң.
Бұрынғы аталардан есіткенді
Тағы да желсем мен сабақтағам.
Заман тыныш тұрған ба соғыс болып,
Бас кесілмей тұрмаған, қан шашылмай.
Бейғам жатқан халыққа зобалаң кеп,
Ана аңырап, қарт боздап, бала шулай.

Сол сұрапыл соғысты қалмақ бастап,
Қазаққа қырғын шашқан, міне, осылай.
Қарсыласса, найзалап қанын төгіп,
Тірілерін айдаған олжа қойдай.
Қашқан елді қуалап алға өңмеңдеп,
Қазақ қолы жылжыған бір күн тынбай.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз