Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі (7-бөлім)
Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу
Торғауыт ұрығыдан бір адамы—
Қорқыма деп айтады оның намын.
Қойылған өз тілінде «өлген» деген
Адамның құмар дейдүр мұрындарын.
Өзгеден оның мұрны үлкен келді,
Сол үшін «Қанқұмар» деп есім берді.
Қанқұмар рулары одан кейін
Құмардың ұлымыз деп айтар еді.
Құмардың әулетінің бір адамы—
Меңлік деп ат қойылған ердің намы.
Меңлікке жасырын қып адам салған
Оң хан деп ат қойылған найман ханы.
Оң ханның айтқаны еді бұл түрлі сөз:
«Шыңғысқа жау боларлық сіз екеуміз.
Аттанып ташқарыға мен барамын,
Ішінде даярланып тұрыңыз сіз.
Өз халқыңның олжа қылып алған малын
Екіге бөліп алалық»,—деп айтты бәрін.
Шыңғысқа Меңлік келіп хабар берді
Оң ханның дұшпанлықпен айтқан сөзін.
Шыңғыс хан сол мезгілде он үште еді
Қасына жолдас болып Меңлік енді.
Онан соң өлгенінше бірге болып,
Отырып оң тізесінде құрмет көрді.
Меңліктен ұл перзент үшеу туды,
Көкше деп ат қойылған үлкен ұғлы.
Өз халқы ықылас етіп сыйлағаннан:
«Алланың жүзі бол!» деп айтылар-ды.
Айырылды дүр баласының екіншісі,
«Айрулла» дер, бір баласын сүйсе кісі.
Айрулланың елі андан болған,
Керек дүр есіткенің құп білісі.
Меңліктің үшінші ұғлы еді Такат
Себеп бар . . . . . .
Тілінде қай адамның кемдік болса,
«Такат» деп моңғол тілде қылар нисбат.
Бар үшін осы ұғлының сақаулығы,
Такат деп есім беріп айтар мұны.
Ол уақыттан бұл күнгеше сол бала дүр
Такаттың руының арғы нәсілі.
Екі ұғыл Бады, Қышлақ болды анда
Айтылған екеуінің әулеті дүр,
Рудан Бады, Қышлақ болса һәрне.
Уақтында Шыңғыс ханға Бады келген,
Оң ханның дұшпандығын хабар берген.
Шыңғыс хан сол себептен аман қалып,
Ұрысып, басым болып, ақыры жеңген.
Шыңғыс хан одан кейін болғанда хан
Бадыны алып келіп Қышлақбірлән.
«Таркан» деп екеуіне амал беріп,
Әулеті азат болған салық пұлдан.
Бұлардан келер болса ханға кісі
Тоқтатпас жасауылдың ешбірісі.
Болғанша тоғыз рет жаза қылмас,
Бұлардың болғанменен күнә ісі.
Болғанша тоғыз ата әулеті аның
Қояды бұл айтқанды қылып бәрін.
Одан соң халық қатары қылар еді,
Тоғыздан төмен қарап өткендерін.
Үйсінмен ру болған Салдос елі,
Мұның да арғы нәсілі Мағба еді.
«Елдуген ат қойылған бір ру һәм
Салдостан айырылған» деп айтар еді.
Кенкеттің руы дүр моңғолдардан,
Дурба деп бір рудың атын қойған.
Ішінде Баһанқан атты ханның
Бес бала кемерінен пайда болған.
Атасы өлеріне кіші ұғлыны,
Орнына дайындаған «қой» деп мұны.
Төртеуі араз болып кетіп қалаған
Ауыр боп атасының айтқан тілі.
Ішіне бөтен жұрттың тұрды барып,
Өлгенше анда тұрды қарар алып.
Бір жұртқа өз елінен барған адам
«Дұрбан» дер моңғол тілде есімденіп.
Дұрбанның бірінде бар еді үш ұғыл
Бәрін деп үлкен ұғлын айтадүр «біл».
Бұл уақта ру болған барлығының
Бәрінің әуелінде атасы—бұл.
Бар еді кішісінің бір қатыны
Құр жүрді бала таппай қанша жылы.
Бала үшін кәнизді және алып,
Жүреді жақындасып бағзы түні.
Ол кәниз аз күннен соң болды буаз,
Қатыны түсірмекке ойлады лаж.
Әр заман ішін сығып ұрса дағы,
Баласы ішіндегі түспес-ті баз.
Бір кәниз туды уақты жетіп,
«Қоймас,—деп,—қатын білсе, аман етіп».
Бір тонның етегіне баланы орап
Жыңғылды бір тоғайға қонды әкеліп.
Ертемен ері тұрып тоғайға енді,
Баланы жаңа туып жатқан көрді.
Етегін өз тонының және танып,
Болған соң өз баласы алып келді.
Соқұт деп ол баланың қойды атын,
Соқұт одан дейді тамам бәрін.
Жыңғылды моңғол тілде «соқай» дейдүр
«Соқұт» дер жыңғыл біткен тоғайларды.
Қурлауыт һәм бұрқаттың рулары
Моңғолдың әулеті дүр аның бәрі.
Төртеуі қарындастық болған үшін
Қоңыратқа жақын дүр деп айтар әні.