Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шежіре-дастан (5-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Саңырықтан Өтеулі, Сары туып,
Кетеді ары қарай тармақ-тармақ.
Толыбайдан: Ізбасар, Қарымсақ боп,
Бір-бірінен бұл күнде алшақ-алшақ.

Даттан үш ұл: Дәулет, Оянай, Сарбас
Бұларда бұтақ жайып кемелденген.
Барлығын айта берсем, сөз ұзарар
Осымен Алдиярды түгендедім.
Қалдырмай ақ қағазға түсіргенім
Бүгінгі жаңа туған ұлға дейін.
Дүйсебай Рақымжаны көмектесті,
Бата ет рухына кейінгі елім!

Жан тәтті ойлағанға, өмір қымбат,
Бүгінгі өмір ертең жоқ, қайта оралмас.
Әне-міне дүниеге айналумен
Көп нәрсе өтіп жатыр құпия боп.

Шежіре кеуде қарттардың бәрі кетті,
Солардан қазынаны сарқып қалмай,
Отырмыз міне, бүгін арманда қап.

Әттегене біздерде болмас еді-ау,
Өмірді тура өлшеп пайдалансақ.
Топан кеуде шалдар да көп осы күнде
Жөн сұрасаң, отырар жер шұқылап.

Жеті атасын білмейтін жетесізді
Қария, ақсақал деп кім жақтамақ?!
Суанның шежіресін жазамыз деп,
Бірталай босағаны жүрдім аттап.

Елшібекті қайынағам таратар деп,
Тіредім аттың басын Тұрсынға кеп.
Білемін Елшібекке Төкең ұрпақ
Жан емес жөн білмейтін сөзге шорқақ.

Тұрлыбай, Ордағұл мен Уәлидей
Билерге өскен адам құлағын сап.
Сұңғыла, құйма құлақ адам еді,
Сөйлейтін бұйымтайды сұрап алып.
—Елшібекте нең кетті сары қыз,—дейді,
Ісіне құдіреттің кім көнбейді?
Күйеулері қалмақпен шайқаста өліп,
Екі келін боп қалған ел тірегі.

Елшібекте болыпты он жеті ұл
Ризық берген бір Алла мал менен пұл.
Бейғам жатқан қазаққа хабар жетті,
«Жоңғардың қақпасынан қалмақ өтті».

Жасанған қалың шерік қарсы шығады,
Жасақ жоқ халық сасып болды ділгір.
Қазірше тау мен тасты паналауға,
Бар Суан уәделесіп етті көпір.

Бұл хабар Елшібекке кеп жетеді,
Анамыз адуынды, есер еді.
«Он жеті ұлым бір жаулық болады» деп,
Күпір сөйлеп, орынынан көшірмеді.

Жасанған жау, түмен қол, жойқын қырғын,
Жекпе-жек он жеті ұлды сілейтеді.
Ең соңында Елшібек өзі шығып,
Дүниеден он сегізінші боп ол да өтеді.

«Жауменен жекпе-жекке мен шығам» деп,
Кемпірі атқа міне ұмтылады.
«Әйелменен алысу зор намыс» деп,
Қия тартып, қарамай жау кетеді.

Көрдің бе құдіреттің шеберіне
Көрінді бір шұңқырда бәрінің өлеріне.
«Асқанға бір тосқан бар» деген сөзді
Орайлағым келеді осы жерге.

«Ажал есірткен» сөз деген тағы да бар,
Анамызды есірткен ажал ма әлде?!
Он сегізден айрылған ана байқұс
Бармақ шайнап қалды екен қандай күйде?!

Бет жыртып, екі келін қалды аңырап,
Қазақты қойдай қырып жатыр қалмақ.
Басқа түскен зобалаң кезегінде,
Олардың мұң мен зарын кім тыңдамақ!

Бел буып, екі келін етті тірлік,
Сары қыздан екі ұл болды: Төлеке, Ерсі.
Анаға бала деген ол бір тыныс,
Төлекеден Қужырен, Жолдас, Малай,
Тепек менен төрт ұлы болған солай.

Ерсіден Алакүшік, Алшаңменен
Нарбота үш ұл туған асқар таудай.
Нарбота: Қосай, Досай, Көржекей боп,
Кетеді тармақтап ары қарай.

Көржекей атамыздан жеті тармақ
Берейін зерікпесең бәрін санап.
Сәтеке, қаламыңды жорғалатқын,
Сөзіме менің айтқан құлағың сап.

Деді де ары қарай тармақтады,
Бір ашып, бір жұмылып саусақтары.
Бұтағын, жапырағын түгел ақтап,
Әзіргі өркеніне кеп тоқтады.
—Үһ,—деп бір азырақ тыныс алды,
Кеудеге кең танаудан тыныс алды.

Тоғызыншы ұрпағын Елшібектің
Білмеймін қайсы атамыз қайда қалды.
Әр атаны отыз жыл есептесең,
Елшібекке үш жүз жыл боп қалды.

Мың жеті жүз жиырма үштегі зор қырғынға
Елшібектің өлімі дөп келеді.
Деп Тұрсекең өмірді еске алды,
Тоқтабарлық мекеніне былтыр бардым.

Бір істі көзім көріп, қайран қалдым,
Суанның қорғаны бар осы арада.
Деген бір кезіктірдім Найман шалды,
Мырзагелді байдың қорғаны мынау деді,
Жауын шайып мүжілген дәу қорғанды.

Қашан, қалай келді екен бұл өңірге,
Белгісіз болды маған арғы жағы.
Енекейді таратып бере алмай,
Тұрсекең Елшібекті тамамдады.

Өзі жалғыз болғанмен атам Молақ
Жеті ұл өсіріпті құндаққа сап.
Дәулетбақ, Қабанбай мен Қасаболат,
Сүйінбай, Шәуке, Шақа, Сексен деген,
Бәріне азан айтып қойыпты ат.

Жәмеңке сегізінші ұлдың аты
Меркі мекендеген екен тұрақтары.
Сегізі сегіз рулы ел осы күнде
Ар жағын айта алмаймын мен тармақтап.

Қатесін түзетерсің оқыған соң,
Шындықтан кеткен болсам мен алшақтап.
Жаным жасап осымен аяқтадым,
Әруақтың аты аталған бәріне арнап.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз