Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі (5-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Дер еді Әркінахун таудың атын,
От-шөбі көп жай еді, жері салқын.
Олардың әулетінен деп айтады,
Кейінгі ру болған моңғол халқын.

Сол жерді мекен қылып тұрды қанша,
Көбейді әулеттері арты қанша.
Төрт жүз жыл қарар алып онда тұрып,
Ол тауға сыймайтұғын болды барша.

Сөйлесті кәтталары бір күн тұрып,
Бұл тауда күн көрмейміз біздер жүріп.
Бабамыз айтушы еді: «Тау сыртында
Көп жер бар, халық отырған мекен қылып.

Біздерді олар кетті шауып алып,—
Деп айтты,—аман қалдық тауда қалып.
Дұшпаннан кек алатын біз де болдық,
Баршамыз отыралық сонда барып.

Біздерге қайсыбір ел болса дұшпан,
Сап байлап ұрысалық оныменен.
Онымен біз де жақын боладүрміз,
Егерде адам болса достық қылған».

Бұл сөзді баршасы да қабыл алды,
Далаға тау ішінен шығып барды.
Бұлардың таудан шығып келгендігі
Татар мен барша халыққа мағлұмданды.

Сол уақыттың қаңлы халқы—ерді татар,
Басқа да неше түрлі қаңлы жұрт бар.
Көңліне дұшпандығы және келіп
Татарлар моңғолменен ұрыстылар.

Ұрысты бірнеше жыл төгісіп қан,
Қырылды есебі жоқ қанша көп жан.
Татарды жер аударып жіберділер
Моңғолдар қырып-жойып қайратбилән.

Атырапта жақын тұрған қаңлы елі,
Моңғолдың әмірін ұстап үкімі енді.
Бағзысы «моңғолмыз» деп, ат өзгертіп,
Қалдырып өз руын бәрһәм берді.

Барша рулардың шыққандығы жайлы

Оғыз хан заманында мәлім қылып,
Айтып ем бес руды мен білдіріп.
Ұйғыр мен қыпшақ, қаңлы, қалша, қарлұқ
Көп болды жер жүзінде олар жүріп.

Шыңғыстың заманында Қарлұқ ханы,
Арыслан хан тарту етіп қызын берді.
. . . Қарлық елі
Моңғолстан тауларында тұрар еді.

Шыңғыс хан жақынынан бір қыз беріп,
Халқына осы түрлі білдірді сөз.
Мұнан соң Арыслан өзінің жалғыз атын,
Моңғолда «сирақ» сөздің мағынасы бар.
Тәжіктің арғы нәсілі одан дүр деп,
Тауарих кітапларды нақыл қылар.

Біреуі ұйғыр еді бесеуінің
Мағынасын Ұйғыр хан да айттым бұрын.
Көбейіп жүз жиырма ру болды,
Ұйғыр дер бәрінің һәм арғы түбін.

Ұйғырдан кетпек болса қайсыбір адам,
Байқұт деп айтар еді баршасын һам.
Шыңғыстың заманында ұйғырларға
Бір адам—байқұт еді Бауыршық нам.

Ертістің өзенінде отырар-ды,
Баршасы көбейген соң үш бөлінді.
Мал бағып, егін салмақ, аң ауламақ,
Үшеуі үш кәсіпті қылып жүрді.

Шыңғыс хан Бұхараға аттанғанда,
Бауыршық, Байқұт ерді ұйғырларға.
Халқынан бірнеше мың әскер алып,
Қосылды жолдас болып Шыңғыс ханға.

Тәкуін деп бір рудың қойылды аты,
Моңғолға қосылмайды оның халқы.
Жанайық ат қойылған бір адамның
Һүкімінде тұрар ерді һүкіматы.

Шыңғыс хан заманында елші келді,
Қырылмақ халқы бірлән көңіліне енді.
Алдына Шыңғыс ханның өзі барып,
Тарту ғып Боқай атты қызын берді.

Оғыз хан нәбирасы бұл баланы,
Қырғыз деп атын қойып айтар аны.
Айтылған Рүх баланың нәсілінен дүр,
Руының қырғыз,якут тамам бәрі.

Ұранжығыт—бір рудың болған аты,
Такуздың әулетінен әслі заты.
Оларға ру маңғыт деп ат қойылған
Тоғайда болған үшін аның халқы.

Ұнғыт деп айтадүрлар бір руын,
Дер ерді сегізмұран деген мұны.
«Түркі дер ұзын арық» деген мисал,
Моңғолдар «мадканба» дейді аққан суды.

Торғауыт, қоры, толас үш ру бар,
Бәрінің арғы нәсілі Ойрат ер дүр.
Шыңғыс заманында Кұтырқа атлы,
Кәттасы һүкімі еніп болған.

Ойраттан бір ру ел шықты жана,
Комат деп есім беріп, ат қойды ана.
Ортқожын, Қокам деген орындарын
Өтен ғып отырар-ды бәрі һәмма.

Қумадан екі ру және келді,
Болғасын һәм Кермужын атын дерді.
Олардан үш ру ел және шығып
Төлеңгіт руы Сүптін, Сытмай ерді.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз