Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі (4-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Бар еді Оғыз ханның алты ұлы,
Үшеуі бір әйелден бұрын туды.
Аттары: Күнхан, Айхан һәм Жұлдызхан,
Үшеуі «Көктен, Теңіз» деп айтылады.

Оғыз хан патша болып дәурен сүрді,
Бір жүз он алты жыл шаһлық құрды.
Бұл дүние бейбаһадан сапар етті,
Орнына патша болып Күн хан тұрды.

Жетпіс жыл патшалықты Күн хан етті,
Ай ханды таққа отыртып ол һәм өтті.
Дүниеден ажал жетіп Ай хан өтіп,
Жұлдыз хан шаһ болмаққа нәубат жетті.

Меңлі хан Жұлдыздан соң шаһлық қылып,
Онан соң Теңіз тұрды таққа мініп.
Теңіз хан бұл дүниеден өткеннен соң,
Елханның патша болды үкімі жүріп.

Моңғолдардан хандықтың кетіп, Аркінақұн тауына

қашып барғаны

Білдіріп ілгеріде айтып едім,
Моңғолдан тоғызыншы Ел хан дедім.
Татарлар жетісінші Сүйеніштей
Мәлім қып жоғарыда хабар бердім.

Ол уақытта моңғол—татар еді дұшпан,
Сап байлап неше мәрте көп ұрысқан.
Моңғолдар әр ұрыста басым болып,
Жеңіліп қашар еді Сүйініш хан.

Түратты Паридонның ерді ұғлы,
Тәшкенде патша болып отыр еді.
Моңғол мен татарлардың бұл жұмысы
Болған деп Түр уақытында айтылынды.

Татарлар ұрыспақтан үміт үзіп,
Сөйлесті Түр патшаға елші салып.
«Моңғолдан көп кемшілік көрдік,—деді,—
Бермесең жәрдем беріп, кегімді алып.

Түр патша оның сөзін қабыл көрді,
«Қосылып барайын» деп уәде берді.
Қосыны екі ханның біргелесіп
Үстіне моңғолдардың басып келді.

Ел хан һәм дұшпандардан хабарланып,
Моңғолдың баршасынан қосын алып,
Бұлар һәм ұрыспақтың қамын етті,
Жер қазып атрабына һәм қамалып.

Күтеді келген қосын арты қанша,
Жүгірді аламыз деп орға қанша.
Моңғолдар ішкеріге кіргізбеді,
Оқ атып, таспен ұрып тамам барша.

Татар мен Түр қосыны ила етіп,
Қашқандай көтеріліп, қалды кетіп.
Моңғолдар ордан шығып ат қойдылар
«Қашты» деп өз көңіліне шаттық жетіп.

Ішіне қашқандардың барып кірді,
Атының баршасы һәм мойнын бұрды.
Бұлардың қарсысынан қайта ұмтылып,
Аянбай бір мәртебе ұрыс қылды.

Оларды ортаға алды шауып, шаншып,
Тұра алмай, орға кірді қайта қашып.
Баршасы қуғандардың орға кірді,
Моңғолдан ажырамастан араласып.

Моңғолдың адамының бәрін қырды,
Аямай, рақымы келмей өлтіреді.
Қыз-қатын және қанша қалғандарын,
Өлтірмей ұстап алып пенде қылды.

Бар дүние, аяқты мал, қазыналарын
Қалдырмай, талан етіп алды бәрін.
Олжа ғып қыз-қырқынын өздері алып,
Құл қылып іске салды еркектерін.

Қай үйде жүрген болса қызмет қылып,
Өзінің моңғолдығын ол жасырып,
Онан соң өздерімен әулеттері
Сол елдің руына кетті кіріп.

Бар еді Ел ханның бір кіші ұғлы,
Қиян деп ол балаға ат қойылды.
Қиянды жаңа түскен қатынымен
Татардың қосындары алып жүрді.

Бар еді екеуінде бір жас бала,
Нәгуз деп ат қойылған еді аңа.
Оны да қатынымен пенде қылып,
Бір қоста алып жүрді бәрін әмма.

Төртеуі оңашада ақылдасып,
Бір түні білдірместен, шықты қашып.
Құтылып татарлардан халас болды,
Аянбай түнде қанша жолды басып.

Әртүрлі төрт аяқты айуандардан,
Шапқанда, мал көп еді жолда қалған.
Төртеуі кез келгенін тауып алды,
Қой, түйе, жылқы, сиыр әрбір малдан.

Ойласты: «Бір руға барсақ кіріп,
Өлтірер дұшпандықпен бізді біліп.
Өлімнен аман болып тұрсақ,—деді,—
Бір жерді адамы жоқ мекен қылып».

Көңіліне бұл қиялы мақұл келді,
Бір үлкен жақын жерде тау бар еді.
Төртеуі қолға түскен малын айдап,
Бір жолмен жалғызаяқ тауға енді.

Қаншама машақатпен таудан өтіп,
Ағын су, бір кең жайға бұлар жетіп.
Асу жоқ атрабында бекем жерде
Отырды төртеулері мекен етіп.

Қыс болса, ол малдардың етін жеді,
Жаз болса, сүтін сауып ішер еді.
Қой менен түйелердің жүнін алып,
Иіріп үстеріне һәм киер-ді.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз