Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі (6-бөлім)
Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу
Рудың сол уақыттағы найман бірі,
Ұйғырдың нәсілінен деп мұны айтар-ды.
Қарақшы, Анбат, Таян ат қойылған
Найманның хандары бар көп белгілі.
Халқына Шыңғыс кейін болғанда хан,
Найманды Таян еді сұрап тұрған.
Шыңғыс пен арасында болған ісін
Өзінің мезгілінде айтадүрмін.
Керейт деп бір адамға есім қылды,
Жеті ұл қара болып одан туды.
Мағынасы түсі қара болғандықтан
Керейт деп ру болып аталынды.
Күшті еді ол уақытта Керейт елі,
Найманға болып жақын тұрар жері.
Екеуі бағзы уақытта тату болып,
Соғысып бағзы уақытта қалар еді.
Керейтте Марғұз атты бар еді хан,
Қоршақұр атты ұл одан туған.
Көп ұл Қоршақұрдан дүнияға еніп,
Тиғрал деп біреуіне есім қылған.
Шығлайдың уақытындағы патшалары
Оң хан деп есім беріп, айтты оны.
Оң деген—мәртебелі патша демек,
Шыңғыстың ол Оң хан дүр ұрысқаны.
Ұңғыт деп бір руға қойылды нам,
Білсеңіз, мағынасы бар атының һам.
«Ұңғыт» деп қытай тілде айтылады,
Сақтаса дарбазаны қайбір адам.
Қытайда ықтият қып бір қақпаны,
Сақтатып қояр еді бір халыққа аны.
Әулеті бірден-бірге тұрғаны үшін
Қойылды ұңғыт болып оның намы.
Қытайдың екі руға бөлер бәрін,
Шүршіт пен қара қытай аттары оның.
Екеуі бір-біріне көп жау болып,
Өлтірді, шүршіт жеңіп қытай ханын.
Түстайғыр ат қойылған еді бегі,
Патшаның Әпіріснияп әулеті еді.
. . . . . . . . .
Өлген соң Қытай ханы қайғы келді.
. . . . . . . . .
Шаһарында бала Сағын хандық қылған.
Жеңіліп кемдік көріп тұрар еді,
Ұрысып неше мәрте қаңлыменен.
Ел хан түс қайғыдан хабарланып,
Шақырып, келтірмекті көңлін алып.
«Қаңлыдан кегімді алып беріңіз» деп,
Елшіден мағлұм етті хатқа салып.
Түстайғыр әскерімен басып келді,
Қаңлының ұрысымен бәрін жеңді.
Елік хан Түстайғырға орнын беріп
Тұрмақ, дүние көр болып қабын көрді.
Түс айтты, өз халқына шақыртып жар:
«Елік деп біле дүрсіз қойған ат бар.
Түрікпен,—деп,—мұнан кейін айтсын, деді,—
Әуелде түрікпен халқы одан дүрлер».
Түстайғыр өзі атын да қойып «Гөрхан»,
Аттанып, жұрт ашпаққа талап қылған.
Әндіжан, Түркістан мен Тәшкенді алып,
Қалдырды Самарқанды бітімбірлән.
Хиуаға әскерлерін баз жіберді,
Хиуаның Сұлтанмахмұт деген ханы еді.
Бітім қып Сұлтанмахмұт уақтығаша,
Әр жылы жиырма мың алтын берді.
«Торхақ» деп бір рудың қойған аты,
Мағлұмсыз қайдан болған асыл заты.
Хандарын күзет қылып тұрар еді,
Ілгері уақыттарда түрік халқы.
Нәубатпен бірінен соң бірі бағыт,
Тұрғындар отырар-ды дабыл қағып.
«Қорқақ» деп жатқанында айтқандықтан,
Қорқақ деп ру болды, есімденіп.
Меркіт деп бір рудың атын берді,
Кәттасы—ол халықлардың Тоқтабегі.
Шыңғыстың елін тауып, бір қатынын
Олжа ғып ілгеріде алып еді.
Сахарада Шыңғыс жүргенде жалғыз
Пенде қып ұстап алған, ұшырасып кез.
Алған соң құн бағасын, қайтып еді,
Араға елші жүріп, айтылып сөз.
Шыңғыстың екі мәрте кебі кетіп,
Кейінгі хан болғанда уақыты жетіп,
Қаншама қашсадағы аман бермей,
Өлтірді ұстап алып, қатіл етіп.
Бар еді қиял, нәсілі бір жақсы адам
Өзінен туған еді алты ұғлан.
Аттары: Жолық, Мәркен, Хибай, Шыра,
Қосбұдан—кішісіне қойылған нам.
Жолықтың бір баласы—аты Қоңырат,
Осы еді қоңырат руы қойылған ат.
Қыбайдан екі ұғыл ру болған,
Елграс, алхлут деп әйлады ат.
Бар еді Қосбұданның екі ұлы,
Үлкенін Қаранут деп мәлім қылды.
Қаранут деп айтқан рулардың
Баршасы одан дүр деп айтылынды.
Құтқұлыт екіншісі еді жана
Одан бір дүнияға енді ұғыл бала.
Екі ұл ол баладан дүнияға енді
Андандүр Құралас елдің бәрі һамма.
Аяшкін кішісінің Бұқан аты,
Андандүр Алшын елдің асыл заты.
Оймауыт ат қойылған бір адамы—
Болады оймауыттың тамам халқы.