Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шежіре-дастан (4-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Жауға қарсы шығуға жасағы жоқ,
Жасанбаған көп қазақ қапы қалған.
Іленің екі жағын мекендеген
Албан, Суан жылжымай қалып қойған.

Аз халық өз-өзінен қарайды деп,
Қалмақтар күпірлікті көңіліне алған.
Екінші қалмақтар Ілені жорық жолы
Бұлардың мекенінен шалғай болған.

Хангелді батыр шығып Албан жақтан
Еліне «жауға аттан» деп ұран салған.
Қазақтың жағасынан жау алғанда,
Қазақ қазақ бола ма бұғып қалған!

Ел намысын бірігіп ту ғып ұстап,
Албан, Суан осылай жасақтанған.
Тас түйін сарбаздарын сайлап алып,
Қалмақтың бүйірінен атой салған.

Ханкелді жасы келіп шау тартқан соң
Бата алып Райымбек жолын қуған.
Өзі алғыр, өзі батыр, әрі айлакер
Қалмаққа ес жиғызбай ойран салған.

Райымбек батырменен тізе қосып,
Сатай ақылшы серік болған.
Үш сан қолдың біреуін Сатай бастап,
Іленің бар өңірін азат қылған.

Сатайдың ерлігі мен алғырлығы
Қиыннан алып шығар тапқырлығы.
Қалмақтың нояндарын жер соқтырып,
Өз елін ерлігімен тәнті қылды.

Жеңіс тойы біткенде Райымбек
Хас сұлуды Сатайға сыйға қойды.
Талай батыр көз салып тамсанды,
Талайы дәмеленіп көз салады.

Сыйлықтың ең үлкені Сатайға деп,
Әулие қалың елге жар салады.
Сұлуды Сатай алып бас бәйгеге,
Басқасы амалсыздан қозғалады.

Бұйығы біткен кербез сұлу көркем екен,
Аруың көз тартатын көркем екен.
Хас батырға лайық жар болар деп,
Кермақан деп ат қойып, отау тіккен.

Қалмақы аты ұмытылып, содан бастап,
Кермақан боп аталып бізге жеткен.
Сатайға Әбдігер деп бір ұл туып,
Көз жұмып, дүниеден өтіп кеткен.
Азырақ есіткенді айттым нұсқа,
Жатқызбас естігенді ел қылмысқа.
Сатайдың тоғыз ұлын түгендеймін,
Айтайын басқаларын етіп қысқа.

Бір ұлы Аққабақтың Құдайберді,
Алланың жазғанына кім көнбейді.
Бауыры Сатай батыр атанғанда,
Құдайберді шаруамен өмір сүрді.

Бір әйелден Ақбура, Аманқұл деп,
Торсық шеке саңлақты екі ұл көрді.
Екінші әйелінен туған ұлға
Ырымдап Көтен деген ерсі ат қойды.

Осы кезде он қожа ауып келіп,
Суанға жақын тартып сіңген еді.
Біреуін соның Әбушайқы деген
Бала қып Құдайберді иемденді.

Көтенге еншілес қып сол Шайқыны,
Басына үй, бауырына қазан берді.
Шегір көз, ұзын өрім, жуан мойын,
Бесек батыр секілді қара шойын.

Жүнді бет, түкті кеуде, жұмыр білек,
Жан шошырлық қара күш біреу еді.
Кім білген ар жағында не жатқанын
Ауылға бала болып жүре берді.

Қазақтың бір қызығы бәйге, палуан.
Қыз қуып, көкпар тартып, сайран салған.
Жел жетпес тұлпарларын бәйге қосып,
Байлар көп тұлпарымен атақ алған.
Палуанын жуан балтыр күреске сап,
Әр ру дәмелісін сынға салған.
Үш жүздің басын қосқан бір жиында
Әбушайқы күресіп жолды алған.

Дуан палуан атанып содан бастап,
Әбушайқы деген ат ұмыт қалған.
Сол Дуаннан: Атабай, Ақан, Бөтек,
Көтібоқ, Құрмысы атты бес ұл болған.

Сармолда деген біреу келіп сіңіп,
Дуанның алтыншы ұлы боп атанған.
Сармолдаға Мазыбай төртінші ұрпақ
Қашыр жеп, Дуандарға таңба салған.

Құрмысыға бесінші ұрпақ Кенжебек-ті,
Суанға болыс болып аты шықты.
Көпшілік бас қосқан съездерде
Басқаға сөз бермейтін болған мықты.

Алдиярда екі ұл бар: Есалы, Дат,
Есалыдан: Шал, Толыбай ұл екеу-ақ.
Шалдан туған Саңырықтың жылқысынан
Тоқта барлық бұлағы қалған тоқтап.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз