Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі (9-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Мінбекке көлік таппай кейбірісі,
Жаяулап қашар ерді бағзы кісі.
Бір көлдің жағасына келіп отырды,
Жүрмекке шаршағаннан келмей күші.

Бағзыда отырмаққа болмай шама,
Айнала көл шетіне жатты һамма.
«Біздерге осы болған қандай күн» деп,
Қазақтар қайғыланды ұстап жаға.

Бір қария ортасынан тіке тұрып,
Сөз айтты мына түрлі әуез қылып:
—Бұл бізге естен кетпес жұмыс болды,
Көрмеген ілгеріде ешкім біліп.

Кейін һәм мұны ұмытпас қазақ халқы
«Ақтабан шұбырынды» болсын аты.
«Алқа көл сұлама» деп ат қоялық,
Жатқаннан көл айналып бәрі жалпы.

Барша халық ол жерден һәм жүріп кетті,
Шөл, биабан Қаратаудан келіп өтті.
Қазақтың батырлары елді өткізіп,
Тұрмаққа тау өзінде шаттық етті.

Қазақтың адамы өлген, әйелдері
Жыласып барар ерді қылып зары.
Айырылған анасынан бос тайлақтың
Көш жанап боздар еді тамам бәрі.

Қазақтың батырлары мұны көріп,
Көзінен қапаланып жасы келіп,
Өлеңді төмендегі айтар еді,
Бұл көрген ахуалына көңілі еріп.

«Басынан Қаратаудың көш келеді,
Тайлақтар көшкен сайын бос келеді.
Айырылған қарындастан қиын екен,
Мөлдіреп қара көзге жас келеді.

Мына заман қай заман, қысқан заман,
Басыңнан бақ-дәулетің ұшқан заман.
Шұбырған ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман.
Қарындастан ажырап қалғаннан соң
Көздің жасын көл қылып ағызамын».

Осындай өлең айтып жылар еді,
Бұл көрген ахуалына қайғы жер-ді.
«Тағы да Сарыарқаға қайтып барып,
Қалмақтан кегімізді алсақ дер-ді».

Қаратау, Сырдариядан әрмен асып,
Бұхар мен Самарқанның үстін басып,
Қазақтың қашқандары тоқтап тұрды,
Құтылып дұшпанынан ұрандасып.

Қалмақтар Қаратаудан қайтып жүрді,
Қазақты жер аударып көңілі тынды.
Сарыарқа, Еділ, Нұра, Еділ, Жайық,
Жеткенше Алатауға қоныс қылды.

Амур деп бір арнаға есім қылған,
Жиделібайсын жері бай ат қойылған.
Қазақтың қашқандары Сырдан өтіп,
Айтылған ол жайларға барып тұрған.

Ол жайда қазақ халқы қарар қылды,
Қыс қыстап, жазда жайлап отырар-ды.
Аз жылда бұрынғыдай өсіп-өніп,
Мал бітіп ілгергідей болып тұрды.

Сағынып һәм заманда Сарыарқаны,
Алсақ деп ойлар ерді қайтып аны.
Ілгергі атақоныс өз жеріне
Бармақ-ты көңіліне алып халықтың бәрі.

Артықша Алаша хан қайғы жер-ді,
Халқының жерін алып берсем дер-ді.
Қазақтың қариясының басын қосып,
Бір мәрте кеңес етпек көңіліне енді.

Жіберді әр тарапқа бір кісіні,
«Келсін,—деп,—әр рудан үлкен бірі».
Рудың әрбіріне адам барып,
Халқына естілді ханның тілі.

Жиналды хан алдына халық жақсысы,
Келгенде бәрі болды үш жүз кісі.
Өзінің заманында кәтта болған,
Басы еді һәр рудың әрбірісі.

Отырды жұрт жақсысы қосып басын,
Сөйлесіп көңіліндегі мұддағасын.
Қонысты жауға беріп қор болдық деп,
Көзінен төгер еді қанды жасын.

Хан айтты: «Бір мұддаға көңілімде бар,
Қалмақта қанша кетті мал менен ар.
Бір мәрте артта қалған қоныс үшін
Қосын қып бармақлыққа, қандайсыздар?

Және де мал-басымыз өсіп-өнді,
Ілгергі қалыбында халық теңелді.
Қалмаққа қарағанда аз емеспіз
Үстіне ұрысқалы барсақ енді».

Баршасы бірден айтты ауаз беріп:
«Біздің һәм көңілімізге тұрар еніп.
Қонысын атамыздың тартып алды,
Хабарсыз жатқан уақытта қалмақ келіп.

Аттанып біздер барып бір мәртебе
Алалық Сарыарқаны келсе шама.
Ұрысып, иә болмаса қырылайық,
Күн көрер, біз өлсек те, қатын-бала.

Жүргенше дұшпандардан кемдік көріп,
Көп жақсы кеткеніміз тездеп өліп.
Ортадан ата қоныс ауғаннан соң,
Жүрміз деп ойламаймыз тірі болып».

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз