Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі (3-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Үкімінде Оғыз ханның әркім тұрды,
Айтқанын қабыл алып дінге кірді.
Ақ дінге кірмеймін деп жүз қайтарған
Адамды аман қоймай өлтірер-ді.

Әуелі моңғол халқы кіріп дінге,
Тұрдылар Оғыз ханмен болып бірге.
Одан соң атыраптағы халықтарменен
Сап байлап ұрысар-ды әрбір күнде.

Оғыз хан қашырарды әлі жеңіп,
Тұрар-ды жеңілгендер дінге кіріп.
Бағзы бір ақжолына кірмегендер
Татарға тұрар ерді қашып келіп.
Ол уақытта татарлардың тамам елі,
Шүршітке жақын жерде тұрар еді.
Моңғолдың Темір, Қазық тарапында
Болады мекен еткен оның жері.

Қосынмен татарға һәм Оғыз барды,
Ұрысып, басым болып қырғын салды.
Неше күн қона жүріп елін жауып,
Есепсіз қазына, жасау қолына алды.

Алмаққа көлік болмай қазына, малын,
Ағаштан арба қылып артты бәрін.
Ол уақытта «арба» деген аты болмай
«Қанық» деп ақылменен қойды намын.

Бұл түрлі ат қойғаны жол жүргенде,
Қанықлап әуе шығып тұрар дәнда.
Ұстаға «Қанықлы» деп ат қойылып,
Андан дүр қаңлы руының бәрі һәмма.

Оғыз хан жетпіс екі болғанда жыл,
Ұрысып үкіміне енді татар, моңғол.
Баршасы күпірліктен жүз қайтарып,
Шаһадат кәлима айтып шығарды тіл.

Андан соң қытай, шүршіт, тибетті алды,
Теңізге одан арғы жақын барды.
Ол уақытта әскер басы кәтталары
Қатынын бірге алып һәм жүрер-ді.

Ұрыста әскер басы біреуі өліп,
Қатыны қалып еді буаз болып.
Суықта бір ағаштың қуысының
Ішіне бала туды қатын келіп.
Баланы Оғыз ханға алып барды,
Анықтап, ақиқатын сұрап қанды.
Атасы қызметінде өлгені үшін
Өзінің асырамаққа қолына алды.

Қыпшақ деп ол баланың қойылды аты,
Бұл аттың мұнда еді ақиқаты.
Ағаштың кеуек жерін күбішек дер-ді,
Ілгері ескі тілде түркі халқы.

Ол бала кәтта болды құп ержетіп,
Әскерге оны қойды бастық етіп.
Ол уақытта мажар, башқұрт Оғыз ханға
Жау еді дұшпандығы кеткен өтіп.

Қыпшақты көп қосынға бастық қылып,
Жіберді башқұрттарға хан бұйырып.
Дұшпаннан Еділ, Жайық бойын алды,
Ұрысып бірнеше жыл Қыпшақ жүріп.

Башқұрт пен мажар халқы қашып кетті,
Ол жерді Қыпшақ тұрып мекен етті.
Көп уақыт болғанынша анда тұрып,
Көптігі әулетінің әбден өтті.

. . . ат қойылған бір ру бар,
Айтылған ол баланың нәсілі дүрлар.
Ол жерге аның үшін бұл уақыттарда
Дәшті Қыпшақ даласы деп есім қылар.

Оғыз хан аттанбаққа талап етіп,
Қосынын моңғол, татар тамам ертіп.
Самарқан, Тәшкен, Сайрам, Бұхарды алды,
Түркістан, Әндіжанға үкімі жетіп.
Балық пен одан кейін Ғұрыны алды,
Қар жауып бірнеше жыл келмей қалды.
«Жүре алмай қардан қалдық» дегені үшін
Қарлық деп ру болып айтылар-ды.

Кабул мен Қызнин, Кашмир атты қала
Оғыз хан жеңіп алды бәрін әмма.
Баршасын алған жердің мұсылман қып,
Моңғолстан өз жұртына келді жана.

Жұртында қарар алып, бір жыл тұрып,
Иранға және аттанды қосын қылып.
Біреуді жасауылдар ханға әкелді,
Кейінге қалғандығын оның біліп.

Хан айтты: «Кейін қалып неғып жүрсің?»
Ол айтты: «Жүре алмадым аштық үшін».
Хан айтты: «Ондай болса қосынға ермей,
Мұнда қалғын, өзіңнің еркің білсін».

«Қожа» деп ат қойылған бір ру бар,
Нәсілінен ол адамның бола дүрлер.
Хорасан, Араб пенен Бұхарада
Аймақпен осы уақытта бірге тұрар.

Оғыз хан Әмудария судан өтіп,
Хорасан аймағына барды жетіп.
Бұмынды патша қылмай тұрған еді,
Киемесол уақытта өліп кетіп.

Хорасан, Мүлік, Ирак, Араб, Ажан
Әрмене, Әзірбайжан, Шам.
Оғыз хан қосынымен тынбай жүріп,
Ұрысып жеңіп алып баршасын һам.
Андан соң өз жұртына келді қайтып,
Көңілінде құрсанттығы әбден артып.
Есепсіз көп мал сойып, той берділар,
Халқына бірнеше күн хабар айтып.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз