Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Үмбетәлі мен Нұрилә айтысы (3-бөлім)

Үмбетәлі Кәрібаев, Нұрилә · 2 мин оқу

Осылай ғып жазды да хатты берді,
Лауға құла жорға атты берді.
Табылғай, Иманбаймен екі болыс,
Хатты алып Нұриләға шапты деді.

Нұрила төре хатын көреді оқып,
Отырды көңіліне ақыл тоқып.
Күйеуі жауланады естіген соң,
Қылмады ешбір қатер көңілі қорқып.

Әр жерде болып жүрген ойын-сауық,
Өлеңге кеткен екен ниеті ауып.
Дәл сонда жиырма бес жаста еді,
Басылып қалған екен бала тауып.

Әйел деп кім айтады қайран жасты,
Бармасам деп айтады мені қашты.
Барғаным, жөні келсе, мақұл ма деп,
Нұрилә жолдасымен ақылдасты.

Бірдеме қылар едік хаттың жөнін,
Қайтеміз деп отырмын аттың терін.
Ойланшы мынау істің жөні қалай,
Сен едің құдай қосқан менің ерім.

Нұрилә сонда бұған жалынады,
Бір лаж балаңызға табылады.
Осындай дәдуәр боп отырғанда,
Көңілді бір ауласаң не қылады.
Жалынды Иманбай да «Жәкетай» деп,
Бұл тойға не қылсаң да жібергін деп.
Көңілі үшін екеуінің өлгенде әзер,
Зорға айтты «барса өзі біледі» деп.

Нұрилә сонда орнынан түрегелді,
Барады алып ұшып жүрегі енді.
«Бұл тойға жіберсеңіз барам» деді,
Болыстар қуанғаннан күле берді.

Бар десе менің байым бата берер,
Құндақта бөпем әзір жата берер.
Қынжылмай бар десеңіз жіберсеңші,
Бір түнгі азар болса ұйқың өлер.
Алмасаң тұншықтырып, аштан өлмес,
Нәр берер нәрестеге құдай шебер.
Көп жылап мен келгенше булықпаса,
Көресің ашты-тоқты күнін көрер.

Қатынды байы сонда барсын деді,
Шат болып ұлықтарың қалсын деді.
Осындай зор құрметпен шақырғанда,
Бейшара абыройды алсын деді.

Нұрилә атқа мініп жүріп кетті,
Жанына екі-үш әйел жолдас ертті.
Ішінде екі сағат жылдам жүріп,
Баяғы той боп жатқан жерге жетті.
Айтуға аттан түсіп сабыр қылмай,
Өлеңді ат үстінен еңіретті.

Нұрилә:
Мен өзім шақыртумен тойға келдім,
Кім бар деп осы тойда ойлап едім.
Жақсылар жайсаңдармен бас қосқанда,
Әр жерде той-жиынның ойнағы едім.

Қылайын бұл тойыңа мен де қошым,
Әдет қой кім той қылса менің осым.
Жеткізсін әр пендені мұратына,
Талапты қылған тойың құтты болсын.

Келді деп Нұрилә ақын жер жаңғырды,
Көруге құштар болып бұлбұл құсты.
Отырған Бәрібаев Қанайменен,
Көрісіп бәріне де амандасты.
Өлеңін енді қашан қозғайды деп,
Сырттағы ел тықыршыған жанталасты.

Нұрилә алды төрге қарсы қарап,
Безілдеп қызыл тілі, қаусырама жақ.
Арқырап, айқай салып қоя берді,
Жүгініп босағада отыра қап.

Нұрилә:
Аман ба, Бәрібаев, Қанай төре,
Бұл тойда бас қосыпсың талай төре.
Елімнің арқа сүйер азаматы,
Халің мен ахуалың қалай, төре?

Бәрің де жаның құрбы замандассың,
Жел сөзге құдай берген қамалмаспын.
Жігіт ең көптің болған ағасындай
Келеді Жанышқа айрық амандасқым.

Құтылмас сізден-дағы сөз жүйесі,
Жиналды жаңа-жаңа елдің есі.
Апта өтіп, көрмегелі ай боп қалды,
Жүрмісің есен-аман жұрт иесі.

Мен айтсам, елім де аман, жұртым да аман,
Тілеулес елің-жұртың болдық саған.
Сізге мен көп атынан амандастым,
Керекті кісі емессің жалғыз маған.
Көлеңкең Жетісуға тегіс түсіп,
Артылды осы уақытта сенің бағаң.

Жұрт үшін жер әлемді жүрсің кезіп,
Амалын әрбір ұлттың білдің сезіп.
Мұратқа қазақ аты жете ме деп,
Іздендің бір шыбындай жаннан безіп.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз