Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Үмбетәлі мен Нұрилә айтысы (9-бөлім)

Үмбетәлі Кәрібаев, Нұрилә · 2 мин оқу

Күнәға істеп өткен кешу болса,
Айыпсыз адасқанға шешу болса.
Байыма баяғыдай баз қалыбым,
Айтпас ең ондай сөзді есің болса.
Ат қойып ала жіпке ала бөтен,
Қағынып отыратын Үмбет көсем.
Ант беріп адалдық деп айта алмайсың,
Сондайдан өзіңді де тапты шешең.
Жастықтың қызық дәурен науқанынан,
Бола ма өткен пенде есен-аман.
Кезегін келер сөздің көп айтасың,
Тағы да намыстанып десем, ауан.

Емес пе әңгілігің – алдырмадым,
Шапқанда шаңымды да шалдырмадым.
Жетерлік жете болса, есең болды,
Азасыз айтқаныңды қалдырмадым.
Енеңнен екі туып сен келмесең,
Есіңнен осы болды тандырғаным.
Жағымсыз жаман сөзбен, Үмбетәлі,
Екінші құлағымды даң қылмағын.

Үмбетәлі:
Нұрилә, құтылмады сенен қулық,
Мініңді білгізбейсің судай жылжып.
Адамның екі аяқты қуы екенсің,
Бүктелме, мінезің бар түлкі құйрық.
Секілді долы құйын ұйытқып-шалқып.
Сынаптай жылт етесің қолдан жылжып.
Шарт жұмған екі көзің ұры мысық,
Тұрғандай не көрдім деп бәрін сылқып.
Орданың сұр жыланы тәрізденіп,
Ысқырып осқырасың көкке ырғып.
Арбаған аспандағы бозторғайды,
Түскенін алқымыңа, жұттың қылғып.
Күндерде бір күндері сол жұтқаның,
Ішіңді тесіп шығар болып қылқұрт.

Қолқаңды қолқа құрт боп аралармын,
Бүлдіріп бүйрегіңді жаралармын.
Аралап ішек, қарын, қатпаршақты,
Паралап жүрегіңді далалармын.
Басыңнан ақылды ұрлап, миыңды жеп,
Есіңді есек қылып ала алармын...
Мойныңа артпақ болдың кісі құнын,
Осы ма жұрттан асқан кісілігің?
Үмбеті Мұхаметтің бола алмайсың,
Еріңе жауыздықпен у ішкіздің.

Нұрилә:
Ей, Үмбет, уға қостың, қуға қостың,
Құйынға, түлкі, мысық, суға қостың.
Сынапқа, сұр жыланға мені теңеп,
Өзіңді боз торғай қып жырға қостың.
Құлғана, мерез, кесел тұмау болып,
Сырыңды зымиянкестік шынға қостың.
Ойымнан ақыл жасым адаспайды,
Мен сені жеңу үшін сынға қостым.
Сыпайы сөйлеймін деп тәтті тілмен,
Ит қылып ең соңында «ырға» қостың.
«Жығылған сүрінгенге күлер» деген,
Өзіңе келер кезек, өйтпе, досым.

Білмейсің кім опалы, кім опасыз,
Сөз былғап арасына мыс қосасыз.
Ақиқат ақтық, қара таразыға,
Түскенде мәлім болар іс опасыз.
Тартқанда таразыға жанның бәрін,
Азабың ауыр-жеңіл сонда мәлім.

Болады иман жолдас ұят-арға,
Әзәзіл ардан безген Үмбет бар ма?!
Алтынай қарындасың бірге туған,
Баласы Алпысбайдың Жұмақанда,
Ақ бата, қызыл қанды судай ұрттап,
Қызығып құда түсіп бердің малға.
Айнытып онан бұзып алып кеттің,
Берем деп өз теңіне – сүйген жарға.

Ей, Үмбет, иман қайда, ұят қайда,
Лапсының ізегені бақыр пайда.
Озбырым отбасынан озған емес,
Содырың сенің, Үмбет, маған сай ма?
Ақ жүрек адал ниет адам болсаң,
Бердіңіз содан бері қанша байға?
Баланың жайы қандай – жақсы жүр ме?
Жауап бер сөз тастайын Алтынайға.

Үмбетәлі:
Нұрилә, бел-жотаңды баса бердім,
Қарғысың қалың сөзден аса берді.
Еліне Алпысбайдың құдаласып,
Қалыңдық қарындасқа матап едім.
Сүйкімді құда болып сүйек алды,
Жоқ шығар мұнан бүккен таса жерім.
Атаның ұлы ма деп қапы қалдым,
Ол кезде мен де кедей нашар едім.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз