Қазақтың тыйым сөздері
Қазақтың тыйым сөздері — әдеп, үлкенді құрметтеу, тазалық пен ысырапсыздыққа үйрететін халық тәрбиесінің мұрасы. Түсіндірмесімен. Барлығы: 745. 2-бет, барлығы 8 бет.
- Буаз малды қуалама.
- Бұтақты сындырма, гүлді үзбе, көкті таптама.
- Бұтыңды ашып отырма.
- Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
- Бір қолыңмен су құйма.
- Біреуге қарап ерніңді шығарма.
- Біреуге қиянат жасама.
- Біреуге тесіліп қарама.
- «Бісіміллә» демей ас татпа.
- Ғайбат сөйлеме.
- Дастархан басында керілме.
- Дастарханға бірінші нанды әкеліп қой.
- Дастарханды аттама.
- Дастарханды баспа.
- Дастарханды пышақпен қырма.
- Даудың жолына түспе, жаудың қолына түспе.
- Дауысыңды шығарып сөйлеме.
- Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.
- Дәретсіз жүрме.
- Дәуітке тиіспе.
- Денеңе түк түсірме.
- Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме.
- Дүние қума.
- Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.
- Егінді, шалғынды бейсауат басуға болмайды.
- Екі езуіңді керме.
- Екі кісінің арасынан өтпе.
- Екі қолыңды төбеңе қойма.
- Елмен дауласпа, ермен жауласпа.
- Елсіз жерде жалғыз ұйықтама.
- Елшіге тиіспе.
- Еліңді тастап шетке кетпе, шетке кетсең де, көпке кетпе.
- Ер адамды әйел түртіп оятпас болар.
- Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.
- Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.
- Ертеңгілік астан бас тартуға болмайды.
- Ер-тоқымды аударып қойма.
- Ер-тоқымды теріс салма.
- Ескі дауды еске алма.
- Есікті керме.
- Есікті қатты серіппе.
- Есікті теппе.
- Етбетіңнен жатпа.
- Жабайы аңды аулағанда, үнемсіз аулауға болмайды.
- Жайдақ атқа мінбе.
- Жайдақ ерге мінбе.
- Жақсы істі қызғанба.
- Жақсыны әжуалама.
- Жақсының жасын сұрама.
- Жақты таянба.
- Жақыныңа міндетси берме.
- Жалған сөйлеме.
- Жалғыз ағашқа тиіспе.
- Жалғыз ағашты кеспе.
- Жаман сөз айтпа.
- Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отыруға болмайды.
- Жаңа байығаннан қарыз алма.
- Жаңа үйленгенмен қоңсы болма.
- Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды.
- Жаралы басқа жұғыспа.
- Жас баланы ұрма.
- Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас болар.
- Жастыққа отырма.
- Жастықты аяғыңмен баспа.
- Жасы үлкенге әзіл айтпа.
- Жатарда көп тамақ ішпе.
- Жатқан кісінің үстінен аттама.
- Жатқан малдың үстінен аттама.
- Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.
- Жатып тамақ ішпе.
- Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
- Жаяу қамшыланба.
- Жәндікті жәбірлеме.
- Жеңіл ақылмен дос-жолдас болма.
- Жер таянып отырма.
- Жер таянып отырып ас ішпе.
- Жер томпайтпа.
- Жерге дәрет сындырма.
- Жерге төгілген ақты басуға болмайды.
- Жерге төгілген сүтті басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді.
- Жерді орынсыз қазба.
- Жерді сабалап, тепкілеме.
- Жерді сабама, жерді тепкілеме.
- Жерошақ аттама.
- Жеті атаға толмай қыз алыспа.
- Жетім-жесірге тиіспе.
- Жетім-жесірдің ақысын жеме.
- Жозыға мінбе.
- Жозыны қағазбен сүртпе.
- Жозының қасында тырнақ алма.
- Жолаушыдан «қайда барасың?» деп сұрауға болмайды.
- Жолаушының жолын кеспе.
- Жолаушының сыртта тұрып тіл қатуына болмайды.
- Жуған қолыңды сілікпе.
- Жуындыны есік көзіне төкпе.
- Жұрт алдында қатты күрсінбе.
- Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма.
- Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
- Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа.
- Жүріп келе жатып тамақ ішпе.