Жүріп келе жатып тамақ ішпе.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жуған қолыңды сілікпе.
- Жуындыны есік көзіне төкпе.
- Жұрт алдында қатты күрсінбе.
- Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма.
- Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
- Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа.
- Жылқы ұстайтын «құрық», құлын байлайтын «желі», қозы көгендейтін «көген», «жүген»,…
- Жіпті мойныңа салма.
- Зиратқа қарап қол созба.
- Ит баласын үйде ұстама.
- Итті, мысықты теппе.
- Иттің құйрығынан тартпа.