Жетім-жесірдің ақысын жеме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жерді орынсыз қазба.
- Жерді сабалап, тепкілеме.
- Жерді сабама, жерді тепкілеме.
- Жерошақ аттама.
- Жеті атаға толмай қыз алыспа.
- Жетім-жесірге тиіспе.
- Жозыға мінбе.
- Жозыны қағазбен сүртпе.
- Жозының қасында тырнақ алма.
- Жолаушыдан «қайда барасың?» деп сұрауға болмайды.
- Жолаушының жолын кеспе.
- Жолаушының сыртта тұрып тіл қатуына болмайды.