Ескі дауды еске алма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Ер адамды әйел түртіп оятпас болар.
- Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.
- Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.
- Ертеңгілік астан бас тартуға болмайды.
- Ер-тоқымды аударып қойма.
- Ер-тоқымды теріс салма.
- Есікті керме.
- Есікті қатты серіппе.
- Есікті теппе.
- Етбетіңнен жатпа.
- Жабайы аңды аулағанда, үнемсіз аулауға болмайды.
- Жайдақ атқа мінбе.