Жатқан малдың үстінен аттама.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас болар.
- Жастыққа отырма.
- Жастықты аяғыңмен баспа.
- Жасы үлкенге әзіл айтпа.
- Жатарда көп тамақ ішпе.
- Жатқан кісінің үстінен аттама.
- Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.
- Жатып тамақ ішпе.
- Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
- Жаяу қамшыланба.
- Жәндікті жәбірлеме.
- Жеңіл ақылмен дос-жолдас болма.