Жалғыз ағашқа тиіспе.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жақсы істі қызғанба.
- Жақсыны әжуалама.
- Жақсының жасын сұрама.
- Жақты таянба.
- Жақыныңа міндетси берме.
- Жалған сөйлеме.
- Жалғыз ағашты кеспе.
- Жаман сөз айтпа.
- Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отыруға болмайды.
- Жаңа байығаннан қарыз алма.
- Жаңа үйленгенмен қоңсы болма.
- Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды.