Қазақтың тыйым сөздері
Қазақтың тыйым сөздері — әдеп, үлкенді құрметтеу, тазалық пен ысырапсыздыққа үйрететін халық тәрбиесінің мұрасы. Түсіндірмесімен. Барлығы: 745. 4-бет, барлығы 8 бет.
- Құран оқығанда сөйлеп отырма.
- Құран оқығанда түрегеп тұрма.
- Құранды жерге тастама.
- Құстың ұясын бұзба.
- Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды.
- Қыз баланы босағаға отырғызба.
- Қыз баланы жасқама, ұялтпа, ұрма.
- Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
- Қызға ер баланы тебуге болмайды.
- Қызды қырық үйден тый.
- Қызды ұрма.
- Қыран құстарды атуға болмайды.
- Лас қолыңмен нанды ұстама.
- Майлы тамақтан соң, суық су ішпе.
- Мақтанба.
- Мал қораға түнде от алып кірме.
- Мал қораның есігін ашық қалдырма.
- Мал қораның сыртында болмаса, ішінде ысқыруға болмайды.
- Мал қоршауына шықпа.
- Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.
- Мал сауып жатқанда, иесімен сөйлесіп, сауынның жанына келуге болмайды.
- Мал туып жатқанда, жанында адам тұруға болмайды.
- Мал ішінде бөгде адамның жатуына болмайды.
- Малға бас киім лақтырма.
- Малға зекіме.
- Малға қан көрсетпе.
- Малға теріс қарап мінбе.
- Малды басқа ұрма.
- Малды бөтен адамға саудыртпа.
- Малды зорықтырып қума.
- Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.
- Малды сауған соң, қол жумай тұрып, қол беріп амандасуға болмайды.
- Малды шошытпа.
- Малдың аяғын бумай, бауыздама.
- Малдың бітіміне, сүттілігіне сұқтанба.
- Малдың кемшілігін көзінше айтпа.
- Малдың сүйегін баспа.
- Малдың сүйегін отқа жақпа.
- Малдың шуын өзіне жегізбе.
- Маңдайшаға төбеңді тіреме.
- Мас қылатын ішімдік ішпе.
- Мойынға белбеу салма.
- Молаға қарай жүгірме.
- Молаға қарап дәрет ұсатпа.
- Молада дәрет сындыруға, мал жаюға болмайды.
- Моланы саусағыңмен көрсетпе.
- Моланың басында жүрелеп отырма, тізелеп отыр.
- Мүгедек адамды мазақтама.
- Мүрдеге топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа.
- Намазды бөлме.
- Нанды баспа, жерге тастама, рәсуа етпе.
- Нанды бір қолмен үзбе.
- Нанды қоқысқа төкпе.
- Нанды лақтырма.
- Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
- Нанмен ойнама.
- Нанның ұнтағын тастама.
- Нанның үгіндісін аяқпен баспа.
- Нанның үстіне басқа нәрсе қойма.
- Нәрестенің еңбегін баспа.
- Ойбайлама.
- Ойланбай сөйлеме.
- Ойланбай іс бастама.
- Оң жақтағы қыз төсегін баспа, отырма.
- Ордалы жыланға тиіспе.
- Орманды беталды бүлдірме.
- Орынсыз кінә қойма.
- От айналма.
- От кеспе.
- От шашпа.
- От шығарма.
- Отқа су құйып сөндірме.
- Отқа түкірме.
- Отпен ойнама.
- Оттықты жақпа.
- Ошақтағы отты үрлеп сөндірме.
- Өз басыңа лайық емес сөз айтпа.
- Өзгенің алдындағы асқа сұғынба.
- Өзіңде жоққа мақтанба.
- Өзіңді зор санама.
- Өзіңді қорсынба.
- Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме.
- Өлген адамға дауыс көтеріп жылағаннан кейін бет-қолды жумай тамақтан дәм татуға болмайды.
- Өлген адамның ақымын өзінен үлкен етіп қазуға болмайды.
- Өлген адамның тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтуға болмайды.
- Өлген кісіні жамандама.
- Өлген кісінің қабірін басуға болмайды.
- Өліктің дене топырағын сәндеме.
- Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа.
- Өрмекшіні өлтірме.
- Өрмекшінің өрмегін бұзба.
- Өсек тасыма.
- Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды.
- Өтіп бара жатқан жолаушы ауылдың алдыңғы жағынан келуіне болмайды және алдыңғы жақтан сөйлеспейді.
- Өтірік айтпа.
- Өтірік күжік жасама.
- Пышақпен ойнама.
- Пышақты нанға қадама.
- Пышақтың жүзін жалама.
- Пышақтың жүзін көкке қаратып қойма.