Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақтың тыйым сөздері

Қазақтың тыйым сөздері — әдеп, үлкенді құрметтеу, тазалық пен ысырапсыздыққа үйрететін халық тәрбиесінің мұрасы. Түсіндірмесімен. Барлығы: 745. 3-бет, барлығы 8 бет.

  1. Жылқы ұстайтын «құрық», құлын байлайтын «желі», қозы көгендейтін «көген», «жүген», «ноқта», шаңырақ көтеретін «бақан» және т.б заттарды, әсіресе әйелдерге аттап өтуге немесе оларды басуға болмайды.
  2. Жіпті мойныңа салма.
  3. Зиратқа қарап қол созба.
  4. Ит баласын үйде ұстама.
  5. Итті, мысықты теппе.
  6. Иттің құйрығынан тартпа.
  7. Кез келген жерді себепсіз қазба.
  8. Кек сақтама.
  9. Кемтар адамға күлме.
  10. Кептерге тиіспе.
  11. Киіз үйдің шаңырағына салынған қарлығаш ұясын бұзуға болмайды.
  12. Киімді желбегей жамылма.
  13. Киімді теріс киме.
  14. Киімнің жағасын баспа.
  15. Көбікті төкпе, көпті сөкпе.
  16. Көгенді аттама.
  17. Көзі соқырға жолдас болсаң да, көңілі соқырға жолдас болма.
  18. Көзіңді алайтпа.
  19. Көзіңді жыпылықтатпа.
  20. Көк шөпті жұлма.
  21. Көкөрім шыбықты сындырма.
  22. Көктемде жан-жануарға тиіспе.
  23. Көп сөйлеме.
  24. Көп ішінде жалғыз мақтанба.
  25. Көпке топырақ шашпа.
  26. Көптен дараланба.
  27. Көрпені теріс салма (яғни көрпенің тұйық жағын босағаға қаратып салма).
  28. Көрпенің ірге жағын тұйықтап жатпа.
  29. Көршілердің тамақ әкелген ыдысын бос қайтаруға болмайды.
  30. Көршіңе жамандық ойлама.
  31. Күйеуіңнен бұрын жатпа.
  32. Күйеуіңнің ірге жағына жатпа.
  33. Күлге қарап дәрет сындырма.
  34. Күлді баспа.
  35. Күн батар алдында ұйықтама.
  36. Күн батарда күнмен таласып жұмыс істеме.
  37. Күн батқан соң, қорадан мал шығарма.
  38. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла.
  39. Күн шығарда ұйықтама.
  40. Күн шыққан соң ұйықтама.
  41. Күндес көргеннің қызын алма.
  42. Күні түскенге кісәпір болма.
  43. Күректің сабын аттама.
  44. Күрсінбе.
  45. Кірдің суын баспа.
  46. Кірдің суын есік көзінен төкпе.
  47. Кісі ақысын жеме.
  48. Кісі келгенде, тамақ сұрама.
  49. Кісі келгенде, үй сыпырма.
  50. Кісі төсегіне отырма.
  51. Кісіге қарап бала емізбе.
  52. Кісіге қарап бейберекет күлме.
  53. Кісіге қарап есінеме.
  54. Кісіге пышақ сұқтама.
  55. Кісіні айналма.
  56. Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы алмайды, шығарып та салмайды.
  57. Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа.
  58. Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды.
  59. Қазанды төңкерме, теппе.
  60. Қайшыны көк шөпке тастама.
  61. Қайықты теңселтпе.
  62. Қамырдан қуыршақ жасама.
  63. Қара жерге қазық қалдырма.
  64. Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың, қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.
  65. Қара жерді қазулы қалпында қалдырма.
  66. Қара суды сапыруға болмайды.
  67. Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма.
  68. Қаралы елге тиіспе.
  69. Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді.
  70. Қарлығаштың ұясын бұзба.
  71. Қарт адамның алдын кеспе.
  72. Қаруды адамға кеземе.
  73. Қаршығаның етін жеме.
  74. Қатты сөйлеме.
  75. Қатын мен балаға сыр айтпа.
  76. Қатынға қатты сенбе.
  77. Қисынсыз сөз айтпа.
  78. Қой жүнін өртеме.
  79. Қойға қошқар салғанда, зекіп сөйлеме.
  80. Қойға қошқар салғанда, қамшы көрсетпе.
  81. Қол жумай жозы қасына барма.
  82. Қолыңды айқастырма.
  83. Қолыңды артыңа қусырып жүрме.
  84. Қолыңды сермеп сөйлеме.
  85. Қолыңды таянба.
  86. Қолыңды төбеңе қойма.
  87. Қонағыңа ашуланба.
  88. Қонағыңды жұмсама.
  89. Қонаққа кетік кесемен шай құйма.
  90. Қонақтың алдын орама.
  91. Қораға дәрет сындырма.
  92. Қотанға дәрет ұстатпа.
  93. Қотанда ысқырма.
  94. Құбылаға қарап дәрет сындырма.
  95. Құдайға тіл тигізбе.
  96. Құдыққа түкірме.
  97. Құмырсқаның илеуін бұзба.
  98. Құндыз аулама.
  99. Құран оқығанда жалаң бас отырма.
  100. Құран оқығанда күлме.

Ауыз әдебиеті