Жеңіл ақылмен дос-жолдас болма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жатқан малдың үстінен аттама.
- Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.
- Жатып тамақ ішпе.
- Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
- Жаяу қамшыланба.
- Жәндікті жәбірлеме.
- Жер таянып отырма.
- Жер таянып отырып ас ішпе.
- Жер томпайтпа.
- Жерге дәрет сындырма.
- Жерге төгілген ақты басуға болмайды.
- Жерге төгілген сүтті басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді.