Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Дастарханға бірінші нанды әкеліп қой.
- Дастарханды аттама.
- Дастарханды баспа.
- Дастарханды пышақпен қырма.
- Даудың жолына түспе, жаудың қолына түспе.
- Дауысыңды шығарып сөйлеме.
- Дәретсіз жүрме.
- Дәуітке тиіспе.
- Денеңе түк түсірме.
- Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме.
- Дүние қума.
- Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.