Жерге дәрет сындырма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жаяу қамшыланба.
- Жәндікті жәбірлеме.
- Жеңіл ақылмен дос-жолдас болма.
- Жер таянып отырма.
- Жер таянып отырып ас ішпе.
- Жер томпайтпа.
- Жерге төгілген ақты басуға болмайды.
- Жерге төгілген сүтті басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді.
- Жерді орынсыз қазба.
- Жерді сабалап, тепкілеме.
- Жерді сабама, жерді тепкілеме.
- Жерошақ аттама.