Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа.
Мағынасы
Барып-қайтар жолдың уақытын кесіп айту — астамшылық. «Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп нысаппен сөйлеу керек.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жолаушының сыртта тұрып тіл қатуына болмайды.
- Жуған қолыңды сілікпе.
- Жуындыны есік көзіне төкпе.
- Жұрт алдында қатты күрсінбе.
- Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма.
- Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
- Жүріп келе жатып тамақ ішпе.
- Жылқы ұстайтын «құрық», құлын байлайтын «желі», қозы көгендейтін «көген», «жүген»,…
- Жіпті мойныңа салма.
- Зиратқа қарап қол созба.
- Ит баласын үйде ұстама.
- Итті, мысықты теппе.