Ертеңгілік астан бас тартуға болмайды.
Қазақтың тыйым сөздері
- Елсіз жерде жалғыз ұйықтама.
- Елшіге тиіспе.
- Еліңді тастап шетке кетпе, шетке кетсең де, көпке кетпе.
- Ер адамды әйел түртіп оятпас болар.
- Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.
- Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.
- Ер-тоқымды аударып қойма.
- Ер-тоқымды теріс салма.
- Ескі дауды еске алма.
- Есікті керме.
- Есікті қатты серіппе.
- Есікті теппе.