Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жалғыз ағашқа тиіспе.
- Жалғыз ағашты кеспе.
- Жаман сөз айтпа.
- Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отыруға болмайды.
- Жаңа байығаннан қарыз алма.
- Жаңа үйленгенмен қоңсы болма.
- Жаралы басқа жұғыспа.
- Жас баланы ұрма.
- Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас болар.
- Жастыққа отырма.
- Жастықты аяғыңмен баспа.
- Жасы үлкенге әзіл айтпа.