Жастықты аяғыңмен баспа.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жаңа үйленгенмен қоңсы болма.
- Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды.
- Жаралы басқа жұғыспа.
- Жас баланы ұрма.
- Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас болар.
- Жастыққа отырма.
- Жасы үлкенге әзіл айтпа.
- Жатарда көп тамақ ішпе.
- Жатқан кісінің үстінен аттама.
- Жатқан малдың үстінен аттама.
- Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.
- Жатып тамақ ішпе.